Бұл туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Татарстан мұнай-газ-химиясы форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.
Жоба бойынша инвестициялар көлемі шамамен 820 млн. АҚШ долл. құрайды, аяқталу мерзімі – 2026 жыл. Зауыт өнімдері Ресей Федерациясына, Еуропаға, Түркияға және Қытайға жеткізіледі деп жоспарлануда.
Бүгінде, Қазақстанда хош иісті көмірсутектер, жағар майлар, полипропилен және бензинге арналған октан қанықтыратын қоспалар өндіретін зауыттар табысты жұмыс істеуде.Бұл зауыттар шығаратын өнім желісі ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие, сондай-ақ Қытай, Ресей, Өзбекстан және т.б. көрші елдерге экспортталады.
Онымен қоса,Қазақстанда қуаттылығы жылына 500 мың тонна, құны 2,6 млрд. долларды құрайтын полипропилен өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде.
Бұдан басқа мынадай өндірістік жобалар әр түрлі даму сатысында:
— Полиэтилентерефталат (жылына 1 миллиард долларға 430 мың тонна);
— метанол (жылына 130 мың тонна, құны 200 миллион доллар);
— олефиндер (жылына 800 мың тонна/ құны 1,8 миллиард доллар);
— полиэтилен (жылына 1,250 миллион тонна/құны 7,6 миллиард доллар);
— (жылына 186 мың тонна, құны $820 млн.);
— негізгі майлар (280 жылына құны $860 млн.).
Аталған жобалардың жалпы құны шамамен 12 млрд. АҚШ. құрайды.
Татарстан Республикасына жұмыс сапары аясында Нұрлан Ноғаев ЕО-ның карбонсыздандыру туралы шешімі шеңберінде ОЭК даму парадигмасына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысады, әріптестерімен жол құрылысы мен құрылыс саласында мұнай-химия өнімдерін пайдалануды кеңейтуді талқылайды, сондай-ақ Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі.