Сайрамда «Тілім – Тәуелсіздігімнің тірегі» атты мерекелік іс- шара өтті

Қ.Жандарбеков атындағы Сайрам аудандық мәдениет үйінде ҚР Тілдері күніне арналған «Тілім – Тәуелсіздігімнің тірегі» атты мерекелік іс- шара өтті. Іс- шараны бөлімге қарасты Сайрам аудандық мәдениет үйі, Тілдерді оқыту және дамыту орталығы және Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырды. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы және аудандық мәслихаттың ұйымдастыру құқық бөлімінің меңгерушісі Азимханова Гүлдана Әшірбайқызы арнайы келіп аудан халқын мерекемен құттықтап, тіл жанашырлары мен Ұлттық Этномәдени орталықтардың төраға, төрайымдарын марапаттады. Сонымен қатар Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы тіл жанашырларын құттықтап, Ұлттық этномәдени орталықтардың төраға, төрайымдарының мемлекеттік тілдегі құттықтауы мен көркемсөздерін ұсынды. Орталық кітапхананың оқырмандары ҚР Тілдері күніне арнап, мемлекеттік және өзге ұлт өкілдерінің тілдеріне арнап өлеңдер оқыды. Мерекелік іс- шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *