«Ауыл — ел тірегі»: Онкүндік аясында оңды істер атқарылуда

Сайрам ауданының әкімі Ұ. Сәдібековтың бастамасымен іске асырылып жатқан «Ауыл — ел тірегі» жобасының Құтарыс ауылдық округіндегі онкүндігі қарқынды жалғасуда. Аталмыш жоба аясында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан бірқатар шаралар атқарылды. Атап айтқанда Ақарыс ауылдық клубының едені сырланып, ескі орындықтары ауыстырылды, сонымен қатар терезелеріне перделер ілінді.
Одан бөлек, Құтарыс ауылдық округ әкімшілігінің алдында орналасқан алаңда ауыл тұрғындарына арнап аудандық мәдениет үйі өнерпаздары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерттік бағдарламасы ұсынылды. Кешті Құтарыс ауылдық округ әкімшілігінің заңгері Руслан Шыналиев ашып, онкүндік барысында белсенді атсалысып жатқан мәдениет бөліміне алғысын білдірді. Іс –шарны Сайрам ауданының ақыны Мейірхан Тұрсынбаев Арнаумен жалғастырды. Қ.Жандарбеков атындағы Сайрам аудандық мәдениет үйінің директоры Даулетхан Алашбаев ауыл тұрғындарына онкүндік барысында атсалысқандары үшін алғыс білдіре келе, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары, аудан көлемінде өтіп жатқан мәдени іс- шараларға белсенді қатысушы өнер ұжымы, Ақарыс ауылдық клубының жанынан құрылған «Бойжеткен» би ансамблін 20 жылдық мерейтоймен құттықтап марапаттады. Ансамбльдің жетекшісі, білім мен мәдениет салаларының ардагері, Байжанова Зейнегүл Айғалиқызын бөлім басшысы Тынымбаева Гүлнар Тұңғышбекқызының Алғыс хатымен марапатталды.
Кешті мәдениет үйінің әншілері сазды әуендерімен аяқтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *