Қазақстанның басты байлығы-халық, халықтың байлығы-денсаулық

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады. Жолдауда алдағы уақытта істелуі тиіс бірқатар мәселелерді атап өтті.Маңызды мәселенің бірі-денсаулық. Қазақстанның бірінші байлығы халық болса, халықтың бірінші байлығы-денсаулық. Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Елімізде пандемияның алдын алу жүргізіліп жатыр. Әлемдегі санаулы мемлекеттер қатарында вакцина шығару мақтаныш деп айтты. Ерлігіміз, елдігіміз қиын-қыстау кезде білінді.Қаншама адамдар індеттен көз жұмды. Бүгін қолда бар мүмкіндікті пайдаланайық. Вакцина алып өзіміздің және өзгелердің денсаулығын сақтайық.
Аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Раимкулов Ганишер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *