Сайрам ауданында білім мекемелерінің табалдырығын биылғы оқу жылында 6026 бүлдіршін аттады

Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім мекемелерінің табалдырығын биылғы оқу жылында 6026 бүлдіршін аттады. 1-қыркүйек Білім күніне орай «Алғашқы қоңырау» жиынында бар кітапқа бас болған «ƏЛІППЕ» оқулығы салтанатты түрде осы бүлдіршіндерге салтанатты түрде табысталды. 2021-2022 жаңа оқу жылында жаңа үлгідегі мектеп бағдарламасына енгізілген Әліппе оқулығының өзіндік ерекшеліктері көп. Заманауи технологияда жасалған, оқулықтың беттерінде аудиожазбалар тыңдауға мүмкіндік беретін QR-коды бар. Осындай жаңа үлгідегі Әліппе жаңа оқу жылымыздың сәнін кіргізіп, жақсы жаңалықтың жаршысы болды.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында Түркістан облысында 15 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Облыс аумағында жаңадан салынған тағы 29 білім ұясы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Түркістан облысы бойынша жалпы 78 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Олардың дені бала саны көп, тұрғындары тығыз орналасқан ауылдарда бой көтерді. Жаңа мектептер заманауи роботехника, ІТ-технологиялар кабинеттерімен жабдықталған.

Жаңадан ашылған білім ұялары Сауран, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Бәйдібек, Түлкібас аудандары мен Кентау және Түркістан қаласының әкімшілік – іскерлік орталығында орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *