1-қыркүйек балалардың көптен күткен мерекесі

1-қыркүйек-Білім күні, 1-сынып оқушыларына ҚР Президентінің сыйлығы «Әліппе» оқулығын тарату және 2-11сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында ашық сынып сағаттары өтті. 1-қыркүйек барша халықтың әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірсе, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді.
1-қыркүйек күні Қазақстанның барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда.
Бүгінгі оқушы- білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген тұлға болуы керек. Мектеп ұжымы жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектері әркез жемісті болуды, шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістерге жаңа серпін, білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді алғашқы қоңырау үнімен бірге қарсы алды.
Б.Айтбаев,
Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *