Шымкент қаласында 5 қыркүйек — «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі аталып өтті. Мерекелік шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында карантиндік сақтық шаралар қатаң сақтала отырып ұйымдастырылды.
Ауқымды іс-шараның өзіндік ерекшелігі барлық мәдениет саласының (тілдер орталығы, архив, цирк, театр, кітапхана , мәдениет үйлері т.б.) қызметкерлері жұмылдырылып, қаланың «Абай» және «Жеңіс» саябақтары, Арбат аумағында тілге құрмет көрсетті.
Атап өтер болсақ, «Абай» саябағында «TilTime» мерекелік іс-шарасы болды. «Tiltaim мерекелік шара барысында
«Балалар әлемі» — бормен сурет салу;
— «Сөзмерген» — Викториналық сұрақтар;
— «Латын-караоке» — Латынша жазылған ән орындау шеберлігі өтті.
— «Сөйлеtime» Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік мұраты атауымен Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының тіл үйренушілері қазақ тілі сабағын өткізді.
Сонымен қатар,
— «Ханталапай» ұлттық ойыны;
— «Әріптер әлемі» қазақтың төл дыбыстары;
— «Тілашар» сөздігінің тұсаукесері;
-«Біліміңді тексер» «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша тест тапсыру, диктант жазу;
— «Тіл-тарих» архив көрмесі;
— «Сөйлестім» ағылшын тілі клубы,
— «Қуаныш әлемі» Қуыршақ театры мен Цирк ұжымының қойылымы ұйымдастырылды.