ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОҚШАУЛАУ РЕЖИМІН БҰЗҒАН 96 АЗАМАТҚА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысында «қызыл» статустағы 90 азамат, «сары» мәртебедегі 6 азамат оқшаулау режимін бұзған. Қазіргі таңда 14 жеке тұлғаға жалпы соммасы 643 000 теңге айыппұл салынған. Қалған 76-азаматқа да жақын арада айыппұл салынбақ. «Коронавирус инфекциясымен ауырған азаматтар ҚР БМСД қолданыстағы қаулысы бойынша 10 күн үй карантинінде болады. Себебі, ем қабылдап жатқан науқастарды қоғамдық орындарға жібермеу арқылы COVID-19 инфекциясының таралып кетуіне жол бермеу, көпшілік арасында эпидемияны жұқтырудың алдын алу маңызды болып табылады»-дейді Түркістан облысы санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Б. Елемесов. Ал, департаменттің дезинфекциялық жұмыстар бойынша «Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау» бөлімінің басшысы М. Ахметова карантиндік шаралар жеңілдетілгенмен босаңсуға болмайтындығын айтты. «Коронавирус инфекциясы жас талғап жатқан жоқ. Жасы да жасы ересектер де аталған дертке шалдығуда. Сондықтан барынша сақтық шараларын ұстану керек. Екі компонентті вакцина салдырғандарды ревакцинациялануға шақырамыз»-деді ол. Айта кетейік, облыста вирусқа қарсы екпе егу жалғасуда. Коронавирусқа қарсы екпенің І компоненті 1 047 047 адамға, яғни, 100,1%, ал ІІ компоненті 1 044 185 адамға салынған 304 425 адам ревакцинацияланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *