Осы уақыт аралығында Түркістан облысында 8000-нан астам шетелдік көліктер заңдастырылып, нөмір берілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елге әкелінген шетел автокөліктерін біржолғы заңдастыру туралы жариялады. Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысының полицейлері жүйелі жұмыс атқаруда.
Мәселен Түркістан облысында 3 мамандандырылған ХҚКО-да (Түркістан қаласында, Сарыағаш қаласында, Сайрам ауданы Ақсукент елді мекені) шетел көліктерін заңдастыруға болады. Қазіргі таңда облыс бойынша шетел көліктерін заңдастыруға 14306 азамат өтініш білдірді. Оның ішінде 8165 азамат шетелдік көліктерін тіркеп, қазақстандық нөмір алды (7365 Ресейде, 704 Арменияда, 75 Қырғызстанда, 15 Грузияда, Оңтүстік Кореяда, 1 Латвиядан алып келінген көліктер).
1918 автокөлік иесіне көлікті тіркеуден бас тартылды. Алайда бұл азаматтар шектеулерді жойып, қайта тіркеуге құжаттарын ұсына алады. Айта кетсек, ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы №13 қаулысына сәйкес заңдастыруға басқа мемлекеттің құзыретті органында бұрынғы тіркелген жері бойынша мемлекеттік есептен шығарылмаған, іздеуде жүрген, кедендік тазартудан өтпеген, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін алып келінген автомобильдер жатпайды.
Тіркелуге жататын автокөліктерге шыққан жылына және экологиялық класы бойынша талаптар қойылмайды. Басқаруы оң жақта болған көліктер де заңдастыруға жатады.

Бастапқы төлем тіркеу үшін 200 мың теңгені құрайды. Қалған төлемдерге техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін 13 171 теңге төлеу қажет. (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік нөмір мен техпаспорт үшін төлем сомасы АЕК-ке байланысты өзгереді). Заңдастыру келесі тәртіппен жүзеге асырылады: азаматтар өтініштерін электрондық үкімет порталы арқылы немесе арнайы ХҚКО-ға тікелей барып өтініш жасау арқылы беруге болады. Ұсынылған құжаттар мен көлік құралын іздестіру базалары бойынша тексерістен өтеді.
Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне Қазақстандық техпаспорт және мемлекеттік нөмір беріледі. Заңдастырудан өтпеген көліктерді елден шығару немесе бөлшектеп сату қажет.
Осыған дейін облыста 4000 ға жуық көлік заңдастырылған болатын. Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша 23 қаңтардан бүгінгі күнге дейін 10 101 тұрғынның өтініші келіп түсті. Соның арасында барлық талапқа сай келетін 4126 көлік заңдастырудан сәтті өтті. Оның ішінде 3809-ы Ресей Федерациясының көлігі болса, 285-і Арменияға тиесілі.
Сондай-ақ Қырғызстаннан 17 көлік, Грузиядан 11 көлік, Оңтүстік Кореядан 3 көлік, Латвиядан әкелінген 1 көлік бар. Одан бөлек 2022 жылдың 1-қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген 1117 көлік иесінің өтініші кері қайтарылды. Осы ретте облыс тұрғындарына аталмыш акция 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өткізілетінін ескертеміз. Сондықтан тұрғындар үшін жасалып жатқан акцияны тиімді пайдаланып, шетелдік көлігіңізді рәсімдеп алуыңызға болады.
Тіркеу үшін көлік иесінен өтініш, өтініш берушінің жеке куәлігі, көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлігі, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат қажет.

Көлік-логистика саласы Қазақстанның негізгі экономикалық артықшылықтарының бірі жоғары көлік-логистикалық әлеует болып табылады. Оны одан әрі дамыту үшін 2030 жылға дейінгі тиісті тұжырымдама әзірленді. Құжат аясында жолаушылар мен жүк жеткізу жылдамдығын арттыру, цифрландыру мен зияткерлік басқару жүйелерін енгізу, экономикалық жағынан белсенді орталықтар мен елді мекендер арасындағы көлік қатынастарын дамыту, халықаралық транзиттік-көлік дәліздерінің, логистикалық терминалдардың және т. б. өткізу қабілетін арттыру жөніндегі шаралар қарастырылған. Күзде ұзындығы 836 км Достық – Мойынты теміржол учаскесінің екінші торабының құрылысы басталды, бұл – теміржол инфрақұрылымы саласындағы ең ірі жоба. Бұдан басқа, бірқатар жобалар әзірленуде: Дарбаза – Мақтаарал (106 км, 2024-2025 жылдар), Бақты – Аягөз (270 км, 2024-2025 жылдар), Алматы айналмалы жолы (73 км, 2023-2024 жылдар). Ірі инфрақұрылымдық бастамалармен қатар магистральдық теміржол желісін және кірме жолдарды жаңғырту бойынша жоспар жасалды. Алдағы үш жылда 2 мың шақырымнан астам темір жолды күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Халықаралық көлік бағыттарын дамыту шеңберінде Қазақстан Әзербайжан, Түркия және Грузия елдерімен 2022-2027 жылдарға арналған «тар» дәліздерді синхронды жою және Транскаспий халықаралық көлік бағытын нығайту жөніндегі бірлескен Жол картасына қол қойды. Бұл тұрғыда мемлекет Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілетін арттыруды, «контейнерлік хаб» салуды, сондай-ақ сауда флотын 10 жаңа пароммен толықтыруды жоспарлап отыр. Осыған ұқсас шаралар басқа қол қоюшы елдер тарапынан қабылданады деп күтілуде. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан Темір жолын» Ұлттық көлік-логистикалық компанияға трансформациялау процесі басталды. Бүгінгі таңда ҚТЖ жанынан құзыреттілік орталығы құрылды, оның негізгі міндеті жаңа логистикалық өнімдерді ұйымдастыру және транзиттік жүк ағындарын трансқазақстандық маршруттарға қайта бағдарлау болып табылады. Жол құрылысының сапасын арттыру мақсатында Қазақстанның климаттық жағдайларына сай келетін озық технологиялар мен жаңа отандық материалдарды енгізуге бағытталған автожол саласын реформалау бойынша жұмыстар қолға алынды. Жалпы қолданыстағы автожол желісінің жалпы ұзындығы 2022 жылдың басында 96 мың км құрады, оның ішінде 24,9 мың км – республикалық желі және 71 мың км – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Осы жылы 7 мың шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүрді. Жалпы 2025 жылға қарай республикалық жолдардың 100%-ын және жергілікті жолдарының 95%-ын нормативтік жағдайға келтіру, сондай-ақ 52 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жоспарлануда.

Қазақстан бойынша өткізілетін республикалық чемпионатқа Түркістан облысы 2015 жылдан бастап қатысып келеді.
Түркістанда өткен «WORLDSKILLS TURKISTAN-2023» облыстық байқауында жаңа жобалар мен идеялар ұсынылды. Түркістан облысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының білім алушылары арасында «WORLDSKILLS TURKISTAN-2023» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. WorldSkills – жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу, кәсіптік білім берудегі техникалық, қызмет көрсету және құрылыс салалары бойынша қатысушылардың дайындығын, кәсіптік біліктілігін, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениетін, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу біліктілігін сынау бағытындағы қозғалыс. Ол әлемнің 82 мемлекетінде кең таралып, тұрақты үрдіске айналған ерекше жобалардың қатарында. Қазақстан бойынша өткізілетін республикалық чемпионатқа Түркістан облысы 2015 жылдан бастап қатысып келеді. Биылғы облыстық чемпионат 24-28 сәуір күндері Түркістан қаласында өткізіледі. Бүгін «Конгресс Холл» кешенінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев инновациялық жобалар көрмесін аралап, салтанатты жиында чемпионатты ашық берді. Байқаудың ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, жастардың жұмыстарын оң бағалады. «WORLDSKILLS TURKISTAN-2023» байқауы арнаулы оқу орындарындағы инновациялық жобаларды көбейтуге және күшейтуге тікелей септігін тигізеді. Өткен жылы республикалық сайыста Түркістан облысының жастары 9-орынды иеленген. Биыл мұнан да жоғары белестерді бағындыруға мүмкіндік бар. Өйткені, байқау студенттердің жаңа қызығушылықтармен айналысуына, идеяларды іске асыруға, ұмтылысын арттыруға жол ашып, қалыптастырады. Жаңа бизнестік жобалар мен идеяларға, сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу маңызды. Өңіріміз аграрлы аймақ болғандықтан өндіріске, ауыл шаруашылығына, инновациялық жобаларға басымдық беріп, перспективаларды белгілеп, жетілдіре түсуіміз керек. Арнаулы оқу орындарына артылатын жауапкершілік жоғары. Осы жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жастарға ең төменгі әрі жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие беріледі. Түркістан облысына 2,9 млрд. теңге қарастырылды. Мұндай мемлекеттік бағдарламаларға жастарды көбірек тарту жоспарлануда. Түркістан өңірінде 52 колледж жұмыс істейді. 35 мыңнан астам студент білім алады. Министрлік пен облыс әкімдігі білім саласына мүмкіндігінше қолдау көрсетіп келеді. 2022-2023 оқу жылына 15300 грант бөлініп отыр. «Жас маман» бағдарламасы аясында өңірде 9 колледж қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды. Бұл бағытта жұмыс жалғасады. Сайысқа қатысушы жас өрендерге сәттілік тілейміз», – деді Бейсен Дәулетұлы. Чемпионатқа 47 колледжден 33 құзіреттілік бойынша 214 студент бақ сынауда. Биыл алғаш рет ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қатысуымен «ABILYMPICS TURKІSTAN – 2023» сайысы да өткізіледі. Атап өтейік, облыстық чемпионатта студенттер техникалық, құрылыс, ауыл шаруашылығы, ІТ саласы, техникалық қызмет көрсету, көлік, білім беру, тамақтандыруды ұйымдастыру мамандықтары бойынша сайысады. Мәселен, электромонтажды жұмыс, сантехника және жылыту, автокөлікті жөндеу, электроника, мобильді қасымшалар әзірлеу, графикалық дизайн, вэб-технологиялар, мобильді робототехника, сән технологиясы, мейрамхана қызметі секілді ерекше жобалар бар. Жекелеген құзыреттіліктер бойынша чемпионат кезеңдері облыстағы 7 колледж базасында өтеді. Жеңімпаздарға І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары мен қаржылай сыйлық тапсырылады. Чемпионаттың І дәрежелі диплом иегерлері «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN — 2023» республикалық ұлттық чемпионатына жолдама алады.
Түркістан қаласында шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясындағы алғашқы көлік тіркелді. Яғни Түркістан қаласының тұрғыны Оңғар Әлиев 1,5 жыл алдын Ресейден әкелген «Нексия» маркалы автокөлігін небары 2 сағат ішінде толық тексертуден өткізіп, қазақстандық нөмір алды. Көлік жүргізушісі мемлекет басшысының осындай қолайлы жағдай жасағанына, халықты қолдағанына алғысын білдірді. Естеріңізге салсақ, елімізде ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес шетелдік көліктерді заңдастырудың бір реттік акциясы басталды. Осыған байланысты Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев, облыс орталығындағы автоцонды аралап, ондағы қызметкерлердің дайындығын тексеріп шықты. Сонымен қатар шетелдік көлігін заңдастыру үшін келген тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев «Акция жайлы естіген шетелдік көлігі бар тұрғындар автоцондарға көптеп келуде. Алғашқы жұмыстар да басталды. Түркістан қаласындағы авоцонда 6 сектор жұмыс жасап тұр. Көлігін тіркегісі келген түркістандық Оңғар есімді жігіт небары 2 сағат ішінде тексерулерден толық өтті. Арнайы мақұлдау туралы хабарлама алып, мемлекеттік нөмірді иеленіп, көлігін заңдастырды. Осы орайда, автокөліктерді заңдастыруға жататын нақты шарттар белгіленгенін жеткізгім келеді. Бірінші шарт — 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек, одан әрі іздеуде болмауы қажет, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болуы тиіс, кедендік тазартудан өтуі керек. Ал кедендік тазартудан Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінен әкелінген көліктер өтпейді. Бұл шара Түркістан облысы бойынша Түркістан қаласы, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам және Сарыағаш аудандарындағы автоцондарда ұйымдастырылады. Осы жерлерге келіп, шетелдік көлігіңізді заңдастыруға толық мүмкіндігіңіз бар» деп атап өтті.
Аталған акция 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өткізіледі. Көлік иесі алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін – 4313 теңге және мемлекеттік нөмір үшін – 9660 теңге мемлекеттік төлем жасауы қажет. Содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын автоцон қызметкеріне тапсырады. Тіркеу аяқталғаннан кейін автомобиль иесіне Қазақстан Республикасының тіркеу құжаты және мемлекеттік нөмірлері беріледі.
Өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқаны 2023 жылдың 23 қаңтарынан басталады. Осы орайда, Түркістан облысының тұрғындары сырт елден әкелінген автомобильдерді тіркеуге қатысты ақпаратты +7 7253 358 637 байланыс нөмірі арқылы біле алады. Сall-орталықтан бөлек, шетелдік көлікті заңдастыру бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында мамандар кеңесі ұсынылады. Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы мамандандырылған ХҚО-ға беруге болады. Онда арнайы секторлар ұйымдастырылады, олар тек шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қажетті құжаттарды қабылдайды. Азаматтар шетелдік көліктерін тіркеу үшін 4 құжатты ұсынуы қажет: 1) өтініш; 2) өтініш берушінің жеке куәлігі; 3) көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлігі; 4) көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін көлікті мамандандырылған ХҚО-ның тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін кіргізеді. Тексеруден өткеннен кейін 2 күн ішінде көлікті заңдастыруға болатыны немесе болмайтыны жөнінде шешім шығарылады. Шетелдік көліктерді тіркеу Түркістан облысы бойынша 5 мамандандырылған ХҚО-да, яғни Түркістан қаласында, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам және Сарыағаш аудандарында жүргізіледі. Айта кетейік, шетелдік көлік иесі алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін – 4 313 теңге және мемлекеттік нөмір үшін – 9 660 теңге көлемінде мемлекеттік төлемдерді төлейді.
Сонымен қатар тағы 9 түркістандық тұрғын көлігін заңдастырған болатын. Түркістан облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, бір реттік акцияның алғашқы күнінде талапқа сай келген 9 көлік барлық тексеруден өтіп, мемлекеттік нөмір берілді. Тіркеуден өткен автомашиналардың жетеуі – Ресей Федерациясынан, екеуі Армениядан әкелінген. Көліктердің алтауының маркасы – Nexia. Жалпы таңертеңнен кешке дейін Түркістан облысындағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына 150-ден астам азамат өтініш берген. Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша 23 қаңтардан бүгінгі күнге дейін 2800-ден астам тұрғынның өтініші келіп түсті. Оның ішінде 827 автокөлік деректер базасы бойынша тексерулерден өтті. Соның арасында барлық талапқа сай келетін 396 шетелдік көлік құралы толық бақылаудан өтіп, қазақстандық нөмір алды. Оның ішінде 393-і Ресей Федерациясының көлігі болса, қалған 3-еуі Арменияға тиесілі.
Түркістан облысында 6083 адам өзге елдерден әкелген көліктерін заңдастыруға өтініш берген. Қазір 2022-і жылдың 1-і қыркүйегіне дейін елге кіргізілген көліктерді тіркеу және заңдастыру науқаны қызу жүріп жатыр. Түркістандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы ахуал қандай? Арнамыздың түсірілім тобы бақылап қайтты.
Түркістан облысында 6083 адам өзге елдерден әкелген көліктерін заңдастыруға өтініш берген. Қазір 2022-і жылдың 1-і қыркүйегіне дейін елге кіргізілген көліктерді тіркеу және заңдастыру науқаны қызу жүріп жатыр. Түркістандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы ахуал қандай? Арнамыздың түсірілім тобы бақылап қайтты.
“Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы автоцонға жеке жүгіну арқылы беруге болады. Автоцондарда арнайы секторлар ұйымдастырылады, олар тек автокөліктерді заңдастыруға қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, сол жерде Әкімшілік полиция қызметкері заңдастырудан өту тәртібін түсіндіріп береді. Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері де қажет болған жағдайда кедендік төлемдерді төлеудің тәртібін түсіндіреді”, — деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.
Комитет төрағасы көлікті заңдастыру кезінде қандай құжаттар тізімі қажет екенін айтты. “Бұл жағдайда көлік иесі 4 құжатты ұсынуы керек.
Біріншіден, өтініш беру қажет. Екінші, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) қажет. Одан кейін, көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік керек. Төртінші, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат”, — деп түсіндірді Қайсар Сұлтанбаев ІІМ-нің баспасөз алаңында.
Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін көлік құралын автоцонның тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады. Салыстыруды ішкі істер органдарының сарапшы-криминалисі жүргізеді.
“Біз салыстырып тексеруден өткеннен кейін екі күн ішінде көлік құралын заңдастыруға болатын-болмайтыны жөнінде шешім шығаруымыз керек. Көрсетілген мерзім ішінде көлік құралы қағидаларда айқындалған өлшем шарттарға сәйкестігі тексеріледі. Яғни елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінгені, іздестіруде болуы, кедендік тазартудан өтуі, соңғы тіркелген жері бойынша есептен шығару мәніне тексерілетін болады”, — деп атап өтті Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.
Комитет төрағасының сөзінше, көлікті Қазақстанға әкелу күні ҰҚК Шекара қызметінің немесе Мемлекеттік кірістер органдарының жүйелері бойынша айқындалады. Автокөліктің шекарадан өту есебі оның ВИН-коды бойынша жүргізіледі.
“Шекара қызметінде немесе Мемлекеттік кірістер органдарында көлік құралын әкелу туралы мәліметтер болмаған кезде (мысалы, егер автомобиль Қазақстан аумағында жеткілікті ұзақ уақыт болса), автокөліктің Қазақстан Республикасында нақты болған күні автосақтадыру полисінің алғашқы рәсімделген күні бойынша анықталатын болады. Автокөлік Интерпол және ТМД базалары бойынша тексеріледі, ал Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік жүйесі бойынша кедендік тазартудан өту тексерледі. Бұл процесс те толық автоматтандырылған”, — деп атап өтті Қайсар Сұлтанбаев.
Тексеруден сәтті өткен жағдайда өтініш берушінің ұялы телефонына оң нәтиже туралы және көлік құралын тіркеу үшін арнайы хабарлама жіберіледі.
“Көлік құралын тіркеуге арнайы автоцонға қайта келген кезде көлік иесі алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге төлейді, техпаспорт үшін мемлекеттік баж (4 313 теңге), сондай-ақ мемлекеттік нөмір (9 660 теңге) мөлшерінде алым төлейді. Бұл құжаттардың түпнұсқаларын автоцон қызметкеріне тапсырады (шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжат). Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль иесіне Қазақстан Республикасының тіркеу құжаты және мемлекеттік нөмірлері беріледі”, – деді комитет басшысы.
Сонымен қатар Қайсар Сұлтанбаев шетелдік автокөліктерді осы кездегі заңдастыру жұмыстары бір реттік акция екенін ескертті.
