Жуықта Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында жеңілдетілген 2,5 пайыздық несиені алу бойынша 7 мыңға жуық жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Оның ішінде 1500-ден астамы NEET санатындағы жастар болып шықты. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы 98 пост жарияланған. Осылайша ақпараттық-насихаттық жұмыстардың қорытындысы бойынша облыста Мақтаарал ауданы бірінші орында тұр. Жеңілдетілген 2,5 пайыздық несиені алу бойынша және жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша құрылған мобильді топ 17 сәуірден бастап қазірге дейін кенттер мен ауылдық округтерде, оның ішінде елді мекендердің барлығында дерлік жастармен кездесулер өткізді. Мобильді топтың құрамында жұмыспен қамту орталығының, жастар орталығының мамандары және кәсіпкерлік палатасының мамандары бар. Ашық форматта өткен жиындарда ауыл жастарының көкейде жүрген сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, несиені алудың шарттары, оның ішінде қажетті құжаттар тізімі туралы кеңінен мәліметтер берілді.
Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін толық пайдаланып, «ОАОО білім алуға бөлінген мемлекеттік гранттар», «Серпін», «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Жас кәсіпкер», «Бизнес бастау», «Дипломмен ауылға», «Қоғамдық жұмыстар», «Жасыл ел — жастар еңбек жасағы», «Студенттік құрылыс», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларына қатысуға жастар шақырылады. Сонымен қатар, ауыл жастарына бос жүрмей жұмыс істеуге, өз бизнестерін бастауға бірқатар кеңес берілді. Осылай әрекет ету арқылы мемлекетіміздің экономикасына өз пайдаларын тигізе алатындары сөзсіз.
Айта кетсек, ауданның «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і тарапынан құрылған мобильді топ 12 бағытта жұмыс істеп, 2,5 пайыздық несиені және мемлекет тарапынан жастарға арналған бағдарламалар туралы ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізді. Түркістан облысына «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 11 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы ауыл азаматтарына төмен пайызбен несие ретінде берілмек. Қазір 32 ауылдық округ тұрғындарына несие алу талаптары түсіндіріліп жатыр. Пилоттық жобаға қатысуға ниет білдірген адамдар үйін кепілге қойып, 2,5 пайыздық үстемемен несие ала алады. Ал орташа несие көлемі 5 млн теңге. Кооператив құрамындағы азаматтар да жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, техниканы лизингке рәсімдеуге мүмкіндік алады.
Ермек Кенжеханұлы, облыс әкімінің орынбасары: Біз бірінші экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдық округті таңдап алдық. Сонымен қатар мынау жұмыссыз азаматтары көп немесе аз қамтылған отбасылар саны көп отбасыларды таңдап отырмыз. Сол жерге қаржыны құйып, әлеуетін жоғарылату біздің мақсатымыз.
Президент еліміздегі көп балалы аналардың басым бөлігі Түркістан облыснда тұратынын айтты. Еліміздегі көп балалы аналардың үштен бірі Түркістан облысында тұратыны белгілі. Сондықтан бұл бастама сіздер үшін де өте маңызды. Біз жастарға жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың кәсіпкерлік бастамалары үшін өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Жастарымыз осындай мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып, өз кәсібін бастайды деп сенемін, деді мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет зейнеттегі қариялар мен бесік тербеткен аналарға қолдау көрсете беретінін айтты. Ал жастарға өмірде өзіне лайық орнын табуға жағдай жасалады.
Мен «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама қабылдауды ұсындым. Біз қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының тең жартысын балалардың есепшотына аударамыз. Бұл қаржыны олар кәмелет жасына толғаннан кейін баспанаға немесе білім алуға жұмсай алады, деді президент. Оның айтуынша, осы шешім ұлттық табысты әділ бөлу қағидатына сай келеді. Бұл шаралардың бәрі өскелең ұрпақтың болашағына арналады.
Биыл «AMANAT» партиясы 250 мыңнан астам ауыл тұрғындарын «Ауыл аманаты» жобасымен таныстырды. Арнайы құрылған мобильді топтар елдегі барлық өңірді аралап шықты. Жоба аясында ауыл тұрғындары өз бизнесін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қажетті ақпарат пен түрлі мүмкіндік алды. Осы ретте аталған жобаның негізгі мақсаты – басты шарттарымен тағы да бір таныстыру және бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасау.
Сондай-ақ, сәуір айында шенеуніктер халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бағдарламасын бекітті. Осы құжат аясында «AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп, «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты. «Ауыл аманаты» бағдарламасы 2023 жылы толық іске қосылады деп жоспарланып отыр. Соған қарамастан мобильді топ өкілдері ауылдықтарды жобамен мүмкіндігінше кеңінен таныстыру үшін елдің барлық аймақтарын аралап шықты. Оның ішінде ең шалғай ауылдардың тұрғындары да қамтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына Жолдауында ауыл кооперациясы аграрлық саланы дамытуға жол ашатынын айтқан болатын.
«Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет», – деген болатын Президент өз Жолдауында.Мобильді топтар жобаның мән-мақсатын түсіндіру және таныстыру жұмысын 28 шілдеде бастады. Осы уақыт ішінде 425 ауылға барып, 250 мың адамды қамтыды.
«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған және несиелер 2023 жылдан бастап беріледі деп жоспарланып отыр. Жоба аясында қандай жеңілдіктер қарастырылған? «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. — несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін; — несиенің/микронесиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады; — номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз ету. Мұндай несиенің халыққа пайдалы болары анық. Мәселен, бүгінде бірде-бір коммерциялық банкте ауыл тұрғындарында мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие бұл – өте тиімді. Сондықтан да ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін бұл – үлкен мүмкіндік. «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы Нұркен Шарбиевтің айтуынша, ел тұрғындарының табысын арттыру мәселесін шешу «AMANAT» партиясының негізгі басымдықтарының бірі болып саналады.

Аталған жоба ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау және тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндігі бар, — дейді Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов.
Бағдарламаға қатысып, несие алу үшін, өңір тұрғындары ауыл әкімдіктеріне өтінім береді. Несие алатындар зейнет жасынан аспауы қажет. Сондай-ақ кәсіпті ашу үшін оқыту жұмыстары да тегін жүргізіледі. Егер де несиесін толық жауып, кәсібін дамытатын болса, жеңілдетілген несиеге қайта қол жеткізе алады.
Жоба аясында жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін 8 625 000 теңгеге дейін, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері үшін 27 600 000 теңгеге дейін несие беріледі. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, ал, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез келген мүліктің 70 пайызы бағаланады. Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін. Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы елімізде 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар биыл өңірде несие беру бағдарламасы басталып кетті. Осы уақыт аралығында несиені 11 мың адам ала алды. Өткен жылы Жамбыл облысында басталған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы биыл бүкіл өңірді қамтитын бағдарламаға айналды. Соған орай, 2023 жылдан бастап ауыл халқының табысын арттыру мақсатында қазақстандықтарға микронесие беріледі. Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазірдің өзінде Ақтөбе мен Түркістан облыстарында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы халыққа микрокредиттер беріліп жатыр. Пилоттық жобаның негізгі критерийлері мынандай:
- микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін;
- микрокредиттің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін (8 625 000 теңге), зәкірлік кооперацияны дамыту үшін –8 мың АЕК-ке дейін (27 600 000 теңге);
- номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды;
- кепіл қою;
Келес ауданында Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы іске қосылмақ. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мадияр Әшірбаев мәлімдеді. Жаңа жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарын агробизнеске тарту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін жан-жақты қолдау.
Жоба мемлекет басшысының «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында қолға алынған. Жаңа жобаның тиімділігі — жылдық мөлшерлемесі 2,5% құрайтын жеңілдетілген несие. Орташа несие көлемі 5 млн теңгені құрайды. Ол үшін кәсіпкеркер кепілмен қамтамасыз етілуі тиіс.
Жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
— «Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы аясында қаржыландыру бағыттары 8 топқа бөлініп, іске асырылады. Олар кооперация негізінде мал бордақылау алаңдары мен отбасылық сүт фермаларын ашуға, жүнді бағытта қой шаруашылығын дамыту, отбасылық жұмыртқа, құс еті бағытындағы фермаларды құру, балық шаруашылығын дамыту, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану, яғни жылына 2,3 өнім алу жобасы сынды бағыттарға несие берілмек, — деді Мадияр Күмісбекұлы.
Аудан басшысы Жәнібек Есенұлы жобаның тиімділігі бойынша ауылдық елдімекендерде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы жергілікті шаруалардың жағдайы едәуір жақсаратынын айтып, бұл бағытта ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.ҚР салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелу.