Түркістан облысында бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-наурызда 53611,4 млн.теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 107,6% құрады. Көтерме сауда көлемі 25822,2 млн. теңгені немесе өткен жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 110,8% құрады.2023 жылғы қаңтар-ақпанда Түркістан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 25,3 млн. АҚШ долларын немесе өткен жылғы қаңтар-ақпан деңгейіне 99,2% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 12,6 млн. АҚШ долларын немесе 164,9%, импорт – 12,7 млн. АҚШ долларын немесе 71,1% құрады. 2023 жылы 28-29 наурыз аралығында Түркістан облысының, Шымкент және Омбы қалаларының іскерлік топтары, атқарушы билік органдары мен квази мемлекеттік сектор субъектілері өкілдерінің қатысуымен өткен онлайн кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы Омбылық Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырды. Биыл алғашқы тоқсанда Түркістан облысының өнеркәсіп өнімінің көлемі 209,4 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аппараттың апталық отырысында осылай деді. Бірақ аудан, қалаларда бірқатар бекітілген индикаторлардың орындалуы деңгейі төмен. Сондықтан өңір басшысы жауаптыларға ішкі жалпы өнім мен кірістер көлемін арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды. 2023 жылғы қаңтарда-наурыз аралығында құрылыс жұмыстарының көлемі 31,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 117,9%-ды құрады. Өткен жылғы IV тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, бағалау бойынша, 84831 теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,2% өсті, ал нақты ақшалай табыс 1,6% кеміді.
Өткен жылғы ІV тоқсанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 43,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне 5,2% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2023 жылғы наурыздың соңына 40,1 мың адамды немесе жұмыс күшіне 4,8% құрады. Айта өтсек былтыр ІV тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 240720 теңгені құрап, 2021 жылдың ІV тоқсанына қарағанда 15,8%-ға өсті. Осы тоқсанда нақты жалақы индексі 97,2% құрады.
2023 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 209351,5 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылдың тиісті деңгейінен 6,3% артты. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,7% төмендеді, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 10%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 38,6%, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте өндіріс көлемі 39,4% артты.
2023 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 31479,3 млн. теңгені құрап, 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы деңгейге 117,9% құрады. Облыста 120,2 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,5% құрады.
2023 жылғы қаңтарда-наурызда жүк айналымының көлемі 6009,9 млн. ткм құрады, 2022 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 88,6% құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 355,1 млн. жкм құрады, 2022 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 121,1% құрады. Биылғы жылғы қаңтар-наурызда облыстың негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 97209,2 млн. теңге болып, 2022 жылдың тиісті деңгейіне 160,4% құрады.
2023 жылғы 1 сәуірге Түркістан облысының жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 200551 бірлікті немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 136,3% құрады.
Тұрғын үй құрылысына 20,2 млрд. теңге салынған. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 120,2 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңі бойынша 105,5%-ды көрсетті.
2023 жылғы қаңтар-ақпанда Түркістан облысының өзара сауда көлемі 25,3 млн. АҚШ долларын құраса, 2023 жылдың 1 сәуіріне мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 119,2 млрд. теңгеге жетіп, 109,4% орындалып отыр. Өңірдегі инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, өмір сапасын арттыруға септігін тигізуде. 2023 жылғы 1 наурызда халық саны 2124,5 мың адамды құрады. Яғни, 2022 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда 31,6 мың адамға немесе 1,5%-ға өсті.
Өткен жылғы ІV тоқсанда облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 84 831 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға артқан.
Түркістан облысы бойынша тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы сәуірді 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 101,2% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,8%, азық-түлік емес тауарлары – 1,1%, халыққа ақылы қызмет көрсету – 2,3% өсті.
2023 жылғы cәуірде азық-түлік тауарлар нарығында бағалар күрішке – 4,1%, жоғарғы сортты бидай ұны – 0,4% көтерілді, ал бағаның төмендеуі жармаға 0,8%, оның ішінде қарақұмық жармасына – 2% байқалды. Бағаның өсуі макарон өнімдеріне 1,8%, оның ішінде рожкиге – 4%, вермешелге – 1,6%, сондай-ақ тоқаштар және ұннан жасалған кондитерлік өнімдеріне – 1,1%, соның ішінде вафлиге – 2,6%, үгілмелі печеньесіне – 2,3% байқалды. Бағаның көтерілуі сүйегі бар сиыр етіне – 0,4%, тауықтың сан етіне – 0,9% байқалды. Балық және теңіз өнімдеріне бағалар 1,1% қымбаттады. Сүт өнімдеріне бағалар 2%, оның ішінде қатыққа – 6,7%, айран майлылығы 2,5% – 5,6%, балқытылған ірімшіктерге – 4,1% құртқа – 3%, өсті. Май және тоңмай өнімдерінің бағасы 1%, оның ішінде күнбағыс майына – 2,6%, өсімдік майына – 2,5% зәйтүн майына – 1,7% төмендеді. Жаңа жиналған жемістердің бағасы 3,3% көтерілді, оның ішінде алмаға – 5,9%, лимонға – 4,4%, алмұртқа – 3,5%, ал бағаның төмендеуі апельсинге – 1,2% бананға – 1% байқалды. Сондай-ақ жаңа піскен көкөністерге бағалар 0,2% көтерілді, оның ішінде қызанаққа – 9,8%, тәтті бұрышқа – 7,6%, сарымсаққа – 5,6% көрсетті, ал керісінше қиярға – 14,7%, картопқа – 0,6%, басты пиязға – 0,5% бағалар төмендеді. Сонымен қатар, құмшекер бағасы 1,7% түсті. Бағаның өсуі алкогольсіз сусындарға 4,4%, алкогольді сусындар мен темекі өнімдеріне – 1,7% байқалды.
Бұл өткен жылдың мәліметі. Демек былтыр 100 мыңға тарта адам әкімдіктің есігін қақпай-ақ мәселесін халықтық кеңсе арқылы шешкен. Негізі бұл мекеменің қызмет етудегі мақсаты да осы. Мемлекеттік мекемемен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішінде 42 қызмет түрі осы халықтық кеңсе арқылы іске асырылады.
Тарқатып айтсақ, кеңсені ашудағы басты мақсат – қалалық әкімдікпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге өтінім беру, нәтижесін алуды бір жерден «бір терезе» жүйесі арқылы жүзеге асыру және арыз-шағым, өтініш жазу, қалалық әкімдіктің басшылық құрамының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету, заңгерлік құқықтық кеңес беруді бір жерден үйлестіру көзделген.
Халықтық кеңседе анықтамалық-ресепшн, халыққа қызмет көрсету залы, арыз-шағым қабылдау залы, жеке қабылдау кабинеті, құқықтық кеңес беру кабинеті, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды.
Сонымен бірге, мұнда Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, бизнесті қолдау және туризм, спортты дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен жұмыспен қамту орталығының мамандары қызмет көрсетеді. Халықтық кеңсе 7 мемлекеттік мекемемен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер /42 қызметтің түрі/ бойынша кеңес береді, өзіне өзі қызмет көрсету бұрышынан электрондық түрде көрсетілетін қызметтерді алуға бағыт бағдар береді, электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өтінім беру, қызметтің нәтижесін алуды, өтініш, арыз-шағым қабылдау, жауаптардың өтініш иесіне жеткізілуін қамтамасыз етеді, қала әкімінің және оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазылу, кіру, өтініштің нәтижесін алуды, электрондық және тікелей қызметтердің нәтижесін алуды үйлестіреді.
Түркістан қаласында аз қамтылған отбасылардың және жетім, жартылай жетім балаларды мектеп асханаларында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етудің жағдайы туралы шаһардағы бір топ кәсіпкер Қоғамдық кеңеске хат жолдаған.
Онда қала аумағында аз қамтылған отбасылардың және жетім, жартылай жетім балаларды мектеп асханаларында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін белгіленген қаржы тарифінің, ас мәзіріне керекті азық-түлік бағасының өсіп кетуіне байланысты жеткіліксіз екендігі айтылып, осы мәселені оңтайлы шешуге қолдау көрсетуді сұранған.
Кәсіпкерлердің айтуынша аталмыш санаттағы балаларды ыстық тамақпен қамту үшін облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан 2023 жылы баға тарифі бекітілген. Атап айтатын болсақ, онда 7-10 жас аралығындағы балаларға 501,76 теңге, 10-14 жас аралығындағы балаларға 564,30 теңге, 15-18 жас аралығындағы балаларға 610,26 теңге болып бекітілген. Бұл күн сайын әр бала үшін ыстық тамаққа жұмсалатын қаржы көлемі. Енді Қоғамдық кеңеске хат жолдаған кәсіпкерлер ҚР Үкіметінің (12 наурыз 2012 жылғы №320 және 25 ақпан 2015 жылғы №326) қаулыларына сәйкес белгіленген азық-түлік түрлері көрсетіліп бекітілген нормалар бойынша 7-10 жас аралығындағы балаларға 812,98 теңге, 10-14 жас аралығындағы балаларға 1043,93 теңге, 15-18 жас аралығындағы балаларға 1114,11 теңге болуы тиіс екендігін көрсетеді. Бұдан бөлек бастапқы баға тарифі бойынша берілетін ас мәзіріне басқарма тарапынан биыл өзгеріс енгізіліп, балаларға бір күнде бірінші және екінші тамақ берілетін болып өзгертілген. Бұл талапты орындаған күннің өзінде бала 15 минуттық үзілісте асханаға келіп, екі тамақты қатарынан жеп үлгере алмайтынын алға тартады кәсіпкерлер. Сонымен бірге, ас мәзірінің тізіміне балық еті енгізілген. Балаға балық етін ас ретінде ұсыну мәзірін бұрын-соңды көрмегенбіз деген кәсіпкерлер оқушылардың денсаулығына қауіпті тағам беру жауапкершілігін өз мойнымызға жүктей алмаймыз деп ашынады. Сонымен бірге, күн сайын шарықтап өсіп жатқан баға нарығына бекітілген тариф мүлде сай келмейтінін алға тартады.
Осы күнге дейін қалыпты жұмыс жүргізіп келе жатқан кәсіпкерлерге мемлекеттік тапсырыс есебіндегі тамақпен қамту тендері 2019 жылы өткен. Сол кезде жоғарыда көрсетілген бағамен қызмет көрсетуге және оқушыларға берілетін тамақтың мәзірі тендердің талаптарында көрсетілген. Алайда 2024 жылға дейін жалғасатын тендер қорытындысы бойынша келісімдегі ас мәзіріне осы жылы бірінші және екінші тамақ беру және балық өнімдері секілді ас әзірлеу жөнінде өзгеріс енгізіледі. Сонымен бірге, 2019 жылы бекітілген баға сол қалпында қалып, нарықтағы бағаның құнсыздануы яғни, инфляция есепке алынбай әлі күнге дейін бастапқы баға күйінде қалып отыр. Бұл ретте кәсіпкерлердің сұрайтыны алғашқы келісім шартта көрсетіліп, бекітілген ас мәзірі неге сол қалпында сақталып қалмайды және әр баланың тамағына қажетті бекітілген тарифте нарықтағы баға мен инфляция деңгейі неге есепке алынбайтыны.
Осы мәселемен қатар мәжіліс барысында Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова да сөз алып, аталған бағытта өзге де күрмеулі мәселелердің бар екенін жасырмады. Соның ішінде қаладағы білім ұяларының асханалары бәрі бірдей санитарлық талаптарға сай келе бермейтіндігі мектеп пен ата-аналар арасында түсініспеушіліктің туындауына себеп болып келетін көрінеді. Өйткені сонау кеңес заманынан бері осы уақыт аралығында әр түрлі типте салынған мектептердің асханаларын бірдейлендіру мүмкін емес. Солай бола тұра қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан санитарлық нормаларды сақтау үшін белгілі бір көлемде алаң болуын талап етеді. Олай жасау үшін онсыз да оқушысы сыймай жатқан кей мектептерде асхана алаңын ұлғайту үшін беретін артық сынып жоқ. Міне, соның салдарынан санитарлық нормалар өз деңгейінде іске аса бермейді.
«Түркістан қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» қала әкімдігінің бизнесті қолдау және туризм бөлімінің ұсынысы қаралды. Бөлім басшысы Талғат Қыдырбаевтың мәлімдеуінше туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерінің құнын 4 пайызға бекіту көзделген. Бұл шешімнің әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарды жоқ екенінде айта кеткен жөн. Оған қоса, кәсіпкерлік субъектілеріне қандай да бір қаржылық шығындарға әкеп соқпайды. Жарна тек қана шетелдік туристерде алынатындығы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының қағидасында көрсетілген. Демек, алдағы уақытта аталмыш ұсыныс күшіне енгенде қаламызға келген шетелдік турист қонақүй қызметін пайдаланғаны үшін негізгі құнынан 4 пайыз артық төлейді. Бұл қаржы қала қазынасына түспек.
Аталмыш ұсыныс бойынша Қоғамдық кеңес тарапынан мынадай шешім қабылданды: «Түркістан қаласы әкімдігінің «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің», ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған «Түркістан қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешім жобасын қосымша ұсынымсыз және тұжырымдамаларсыз келісім берілсін».