Жалпы экономикасы дамыған елдер қатарына қосылу үшін ең әуелі әрбір өңірдегі кәсіпорындардың дамуына аса мән берген дұрыс. Себебі өнеркәсіп орындарының жұмысы баяуласа, шет елдік нарықта бой көрсету екіталай. Осыған байланысты Түркістан облысында биыл 2023 жылдың қаңтар-наурызында өңдеу өнеркәсібі саласының өндіріс көлемі 97034,6 млн. Теңгені, ал өнеркәсіптік өндірістің индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне 110% құрайды. Бүгінгіде аталған қызмет түрі өндірісінің үлесі облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 46,4% құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында тамақ өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 24964,8 млн.теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңінен 5,3% төмендеді, бұл ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған ет өндірісінің 13,5%, үй құсының жас немесе тоңазытылған еті 47,2%, ірімшік және сүзбе 39,4%, өзге де сүт өнімдері 4,3%, дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн; олардан майда тартылған ұн қоспаларының 9% кемуінен орын алды. Сонымен қатар, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық өндірісі 27,8%, жеміс және көкөніс шырындар өндірісі 12,5%, сары май және сүтті спредтер 2,5 есеге жоғарлады.
Сусындарды өндіру саласында өндіріс көлемі өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 74,9% артты, ал өндірілген өнім көлемі 4256,2 млн. Теңгені құрады, бұл коньяк спирттің өндірген өнімнің 3,5 есе жоғарлауынан орын алды. 2023 жылдың қаңтар-наурызында тоқыма бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар 15405,8 млн. Теңгенің өнімін өндірді және өткен жылдың тиісті кезеңінен 3,3 есеге жоғары болды, бұл мақта талшығы өндірісінің 3,4 есеге артуынан орын алды. Кокс және мұнай өнімдерін өндіру өнеркәсібінде 2945,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен 2,5 есеге жоғары, өндірістің өсуі негізінен мұнай жол битумдар өндірісінің 2,6 есе артық өндірілуінен болды. Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі өткен жылдың тиісті кезеңіне 23,1% жоғары болды, ал өндірілген өнім көлемі 4466,5 млн.теңгені құрады. Аталған салада өндіріс көлемінің негізінен отқа төзімсіз құрылыс кірпіштердің 35,8%, құрылыс ерітінділердің 5,8 есе өсуінен болды.
Машина өнімдерін жасау өндіріс көлемі 2023 жылдың қаңтар-наурызында 11210,5 млн.теңгені құрады, өнеркәсіптік өндіріс индексі 2022 жылдың тиісті кезеңіне 113,8% құрады, бұл өзге де злектронды және электр сымдар мен кабельдер өндірісінің 2,3 есе, кернеуі 1000 В артық электр тізбектерін ажыратуға, ауыстырып қосуға немесе қорғауға арналған аппаратура (жоғары вольтты аппаратура) өндірісінің 2 есеге өсуінен орын алды. Сонымен бірге, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру өндірісінде өндіріс көлемі 1408,1 млн.теңгені құрады, 2022 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 36,8% төмендеді, өндірістің төмендеуі пластмасса құбырлар, түтіктер, жеңдер мен шлангілер және олардың фитингтер өндірісінің 59,8% кемуінен орын алды. Алдыңғы жылдың тиісті кезеңінде киім өндіру саласы бойынша ерлерге арналған жұмыс киімі өндірісінің 11,7% кемуінен, өнеркәсіптік өндірістің индексі 10,9% төмендеді, ал өндіріс көлемі 438,2 млн.теңгені құрады.
2023 жылғы қаңтар-наурызда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 209351 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2022 жылдың деңгейінен 6,3% жоғары. Өндіріс көлемінің өсуі облыстың 14 ауданында тіркелді, төмендеуі Кентау қ.ә., Созақ және Түлкібас аудандарында байқалды.Өнеркәсіп өндірісінің өңірлік құрамы бойынша ең жоғарғы үлес салмағы Созақ ауданына (54,5%), Мақтаарал (5,3%), Сайрам (5,2%), Кентау қ.ә (4,9%), Төлеби (4,3%), Ордабасы (3,9%), Сарыағаш ауданына (3,8%) тиесілі. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 2023 жылғы қаңтар-наурызда темірден қоспағанда, кендерді өндіру өндірісі 4,8% кемуіне байланысты өнеркәсіптік өндірістің индексі 97,3% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде сусындар өндіру (74,9%), тоқыма бұйымдарын өндіру (3,3 есе), кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру (2,5 есе), өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру (23,1%), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру (14,7%), металлургия өндірісі (1,7%), машина жасау (13,8%), жихаз өндіру (21,9%) өсу есебінен өндіріс 10% өсті. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіру (5,3%), киім өндіру (10,9%), резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру (36,8%), электр жабдықтарын өндіру (2,5%) кеміді.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялармен жабдықтауда электр энергиясын өндіру өндірісінің көбею есебінен (45%), өнеркәсіптік өндірістің индексі 138,6% құрады. Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2023 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіптік өндірістің индексі 139,4 % құрады.
Абайыл темір кен орны — Түркістан облысы Түлкібас ауданы Абайыл станциясынан солтүстікке қарай 15 км жерде орналасқан. Кен орны сақ заманынан белгілі болған. Кенді барлау жұмыстары 1942 жылы басталған. Кеннің басты минералдары – гидрогетит, гетит, турьит; құрамындағы темірдің орташа мөлшері 45%, байытуды қажет етпейді. Тотыққан белдемнен тереңге қарай кен сидерит, анкерит және пириттен тұрады. Осы тереңдіктегі кен құрамында 31,65% темір, аз мөлшерде мыс, күшәла, кобальт, қорғасын, молибден кездеседі. Кеннің жалпы қоры 55,9 млн. т. оның ішіндегі тотыққан кеннің мөлшері 23,24 млн. т. Тотыққан белдемдегі қошқыл түсті кен ашық әдіспен өндіріліп, бояғыш зат ретінде пайдаланылады.
Ащысай қорғасын-мырыш кен орны — Түркістан облысы Кентау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 24 км жерде орналасқан. Полиметалл кендеріне жатады. Негізгі минералдары – пирит, сфалерит, галенит, кальцит, доломит, барит, церруссит, гидрогетит, гетит, смитсонит, липсонит, халцедон. Шикізат Шымкент қорғасын зауытына жіберіледі.
Сонымен қатар Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлік деңгей қай деңгейде екені анықталды. 2023 жылғы 1 қаңтарға ШОК субъектілеріндегі жұмыспен қамтылғандар саны 263611 адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңіндегі деңгейінен 19,6% жоғары. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің өнім шығарылымы, баға индексін қоса есептегенде, 2021 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4% артып, 1429254 млн. теңгені құрады. Өнім шығарылымының негізгі үлесі (52,7%) заңды тұлғаларға тиесілі. Биыл алғашқы тоқсанда Түркістан облысының өнеркәсіп өнімінің көлемі 209,4 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аппараттың апталық отырысында осылай деді. Бірақ аудан, қалаларда бірқатар бекітілген индикаторлардың орындалуы деңгейі төмен. Сондықтан өңір басшысы жауаптыларға ішкі жалпы өнім мен кірістер көлемін арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.
Шитті мақтаны терең өңдеп, дайын талшық өндіретін зауыт Шымкенттегі мата шығаратын екі комбинатты дайын өніммен қамтамасыз етіп отыр. «Ақ алтынның» отаны саналатын Мақтаарал ауданында мақта өндіретін 6 кәсіпорын бар. Солардың ішіндегі мақта талшығын терең өңдейтін іргелі өндіріс орындарының бірі – осы «Мырзакент» мақта өңдеу зауыты. Алып кәсіпорын 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын өндіріс ошағының аудандардағы мақта қабылдау пункттерінде мыңға жуық адам еңбек етеді. АҚШ-тың соңғы үлгідегі жаңа технологиясымен жабдықталған зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 60 мың тоннаны құрайды. Бірақ шикізаттың жетіспеушілігіне байланысты жылына 35 мың тонна мақта талшығын өндіреді. Алайда соған қарамастан басқа зауыттармен салыстырғанда еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары. Оған сандық технологияның арқасында қол жеткізіпті. Зауыт директоры Ермахан Жабуов «Заманауи технология болғаннан кейін барлығы автоматты түрде жұмыс істейді. Зауыттың қосылуын, өшірілуін – бәрін автоматты түрде бір адам басқарады. Бұрынғы зауытта цехтың барлығы бөлек-бөлек болатын болса, бұнда цехтың бәрі бір жерде. Мақтаны тазалау, кептіру, талшығы мен шитінен ажырату, престеу – бәрі бір жерде болады» дейді. Осының нәтижесінде талшықтың шығуы 30 пайызға артып, сапасы жоғарылаған. Ал мақтаны өңдеу мерзімі 30 пайызға қысқарыпты. Сонымен қатар электр қуатын да 25-30 пайызға үнемдеп үлгерген. Шитті мақтаны терең өңдеп, дайын талшық өндіретін кәсіпорын қазір Шымкенттегі мата шығаратын екі комбинатты дайын өніммен жартылай қамтамасыз етіп отыр. «Егер шикізат қоры жеткілікті болса, толық қамтуға қауқарымыз жетеді», – дейді зауыт мамандары.
Сондай-ақ, 2020-2023 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы сомасы 324 млрд. теңгені құрайтын 29 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде шамамен 6 мың жұмыс орны құрылатын болады. Ал биыл 12,5 млрд.теңге сомасына 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. Толық іске асқан жағдайда 1500 адам жұмыспен қамтылады. Ағымдағы жылғы жобалардың ішінде 3-і іске қосылған», — деді Иса Мұсаұлы. Аталған жобалар: Мақтаарал ауданындағы «Tulpar Textille» ЖШС тоқыма фабрикасының құрылысы.
Жылдық қуаттылығы — 6600 тонна (жүзеге асырылуда); Мақтаарал ауданындағы «Tulpar May» ЖШС тазартылған май өндіру цехының құрылысы. Жылдық қуаттылығы — 2912 тонна. Жоба сомасы-2 млрд. теңге (іске асыру сатысында); Ордабасы ауданындағы «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір-химия комбинатының құрылысы. Жоба сомасы-1,5 млрд. теңге (іске асырылды); Кентау қаласындағы пластикалық құрылыс бұйымдарын шығаратын «АБН Альянс» ЖШС зауытының құрылысы. Қуаты — 1500 тонна кәріз құбырлары, жоба сомасы-600 млн. теңге (жүзеге асырылуда); Келес ауданындағы «Тмстрой21» ЖШС күйдірілген кірпіш шығаратын зауыт. Жылдық қуаттылығы — 15 млн. бірлік. Жоба сомасы-520 млн. теңге (іске асырылды); Түркістан қаласындағы «Turkistan Textile» ЖШС тігін цехының құрылысы. Қуаттылығы — айына 15 мың бірлік. Жоба сомасы-500 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданындағы «AYKAN» Айкан» ЖШС сүт өңдеу зауытының құрылысы. Жылдық қуаттылығы — 15 тонна. Жобаның құны-390,8 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданында «DARIA ГРУПП» ЖШС тауарлық бетонның асфальтбетон қоспаларын, темір-бетон және бетон бұйымдарын шығаратын зауыт. Қуаттылығы-тауарлық бетон-жылына 21 000 текше метр. Жоба сомасы-290 млн.теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданындағы «Elit Story M&A» ЖШС бетон және асфальт-бетон қоспаларын өндіретін зауыт.
Қуаттылығы-тауарлық бетон — 40 000 текше метр, жоба сомасы — 270 млн. теңге (іске асыру сатысында); Келес ауданындағы «АІ ВІ-І» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы. Қуаттылығы — 30 млн.дана. Жобаның құны-251 млн. теңге (іске асырылды); Сайрам ауданындағы «Көктал Групп» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты. Жылдық қуаттылығы — 20 мың тонна. Жоба сомасы-249 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданында «Конус и К» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты. Жобаның құны-200 млн.теңге (іске асыру сатысында).
ҚР Премьер-министрі Шымкентте жіп иіру фабрикасын, Түркістан облысында кеспе зауытын ашып, Түркістанда аурухана мен туристер кешені құрылысын бастап берді.
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысы мен Шымкентке барып, Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының және Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірді дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуын тексерді.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқар Мамин Шымкентте «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен Alliance Textile Өзбек жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының бірлескен кәсіпорны — «Alliance сауда-өнеркәсіп палатасы» серіктестігінің жіп иіру фабрикасының ашылуына қатысты. Бұл өндіріс орны көп жылдан бері тоқтап тұрған. Биыл маусым айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның 18- отырысы аясында тоқыма кластерін бірге құру туралы жасалған келісімнің аясында өндіріс аз уақыт ішінде қайта ашылды. Кәсіпорында бірінші кезеңде 120 жаңа жұмыс орны ашылған. Мақта-талшықты өңдеу көлемі жылына 6 мың тонна болады. Жобаға Өзбекстаннан 4,6 миллиард теңге инвестиция тартылған. Шымкентте тоқыма кластерін қалпына келтіру жөніндегі жол картасы аясында тағы екі фабрика іске қосылады, бұдан Қазақстанда өңделетін мақта көлемі 2 есе артады, 800 жаңа жұмыс орны ашылады. Асқар Мамин Түркістан облысындағы Майлыошақ ауылында жылдам әзірленетін тамақ өндіретін зауыттың ашылуына да қатысты. Жылдам әзірленетін кеспе өндіретін әлемдегі ірі кәсіпорын — CG Foods Central Asia жобаға 5,7 миллиард теңге инвестиция салып, 300-ге жуық қазақстандыққа жұмыс бергелі отыр. Зауыт жылына 4,5 мың тоннадан астам өнім шығарады. Өндіріске тек отандық шикізат пайдаланылады. Өнімді ішкі нарыққа да, сыртқы нарыққа да тарайды.
Премьер-министр бұдан соң Түркістанда қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанның дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Осыған байланысты біз қажет нысандардың құрылысын толық аяқтауымыз керек, — деді Асқар Мамин. Түркістанда Премьер-министр 630 төсек-орынға шақталған көпсалалы облыстық аурухана құрылысы жүргізілетін жерге капсула салды. Жобаны өткен жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында YDA Holding түрік инвесторы жүзеге асырады. Нысанның құны — 100 миллиард теңгеге жуық, 350 дәрігерді қоса алғанда, медицина персоналы үшін 1700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Неғұрлым кәсіпорындар қатары көбейсе, соғұрлым елде жұмыссыздық деңгей азая түспек. Оған қоса халықтың тұрмыс деңгейі жоғарылай түседі. Нарықтық экономикада өз орнымызды ойып тұрып алу мүмкіндігі жоғарылайды. Сонымен қатар ол үшін арнайы сала мамандарының басын көбейту басты талап.