Түркістан облысы Арыс қаласында минералды су өндіретін кәсіпорын орналасқан. «Арыс минералды су» ЖШС-і жылына 15 млн литр су өндіруге қауқарлы. Аталмыш жобаның жалпы құны 250 млн теңгені құрайды. Бүгінде кәсіпорында 50- ге тарта адам жұмыс істеп, тәулігіне 15 мың құты су шығарып отыр. Шипалы сусын 1800 метр тереңдіктен алынады. Судың емдік қасиеті мол, ол жөнінде курортология институтының қорытындылары алынған. Қазіргі таңда серіктестік 0,5; 1; 1,5; 5; 19 литрлік құтыларға газдалған және газдалмаған су шығарады. Қазірге дейін өнім Арыс қаласы мен Түркістан облысының өзге аудандарына жөнелтілуде. Алдағы уақытта Арыс минералды суы республиканың өзге облыстарына жіберілмек. Сонымен қатар, серіктестік 30 млн теңге қаржы жұмсап, емдік монша да салған. Онда бір уақытта 80 адамға қызмет көрсетіледі.
Сондай-ақ, Арыс қаласында тұратын жалпы халық саны 79033 адам (қала халқы-52025 адам, ауыл халқы-27008 адам), қала аумағы 765,4 мың га құрайды. Қаланың құрамына 6 ауылдық округ кіреді. Қаланың ұлттық құрамы: қазақтар-95,4%, орыстар-2,7%, өзге ұлттыр-1,9%. Жалпы халықтың 32,3 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны-30,6 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1%, жастар жұмыссыздық деңгейі 3,6%.
Аудан әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң бағытта келеді. Тек тұрғын үйді іске қосу 13975 шаршы метрді құрап нақты көлем индексі 48,1% құрады. Жеке тұрғын үйлер бойынша13 975 шаршы метр орындалып, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 113,3% құрады. Себебі бюджет есебінен көп қабатты тұрғын үйдің салынбауынан бекітілген межеге жете алмады. Сонымен қатар іске асырылатын инвестициялық жобалар. Қала бойынша 5 жылда жалпы құны 93,0 млрд.теңгелік 42 инвестициялық жоба іске асырылып, 1209 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Өңдеу өнеркәсіп саласы-10, машина жасау-1, Туризм саласы-2, Білім саласы-9, Агроөнеркәсіп саласы-16, Балық өсіру-4.Транспорт логистика-1. Бұл қазіргі жоспарымыз, алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстардың қарқыны өсетін болады.
Ауданда биыл 2023 жылы іске асырылатын жалпы саны 15 инвестициялық жобалар қарастырылған. Аталмыш жобалар аясында 256 жұмыс орны ашылады.»TURKESTAN AGRO.KZ» ЖШС 50 мың бас ІҚМ бордақылау алаңын ашу. 2023 жылы 1-этап, 25 мың бас мал бордақылау алаңының құрылысын бастау жоба құны 8,7 млрд. теңге. Ал қуаттылығы 6 тонна ұнтақталған түйе сүтін шығарады. «DERMENE AGRO GROUP» ЖШС Балық өсіру, көбейту жобасын іске асыру жоба құны 50,0 млн. теңге. 50,0 мың “сазан” тұқымдас шабақ өсіріп, балық шаруашылығын дамытып отыр. «ҚАРАТАУ ТРАНС СЕРВИС» ЖШС Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу жоба құны 11,0 млрд. теңге. Қуаттылығы жылына 50,0 мың тонна мұнай өңдейді.»MEGA-AGAT» ЖШС Поливинилхлорид түйіршіктерін және қоспасын шығаратын зауыт жобасының құны 500,0 млн. теңге. Қуаттылығы 300,0 тонна поливинилхлорид түйіршіктерін шығарады. Пластикалық құбырлар шығаратын зауыт жобасы жалпы құны 800,0 мың АҚШ долларды құрайды. Қуаттылығы тәулігіне 2500 метр пластик құбырларын шығарады. Бұдан бөлек «MEGA-AGAT» ЖШС Арыс қаласынан транспорт-логистикалық орталығының құрылысы басталды. Жоба құны 4,0 млрд. теңге. Жобаның мақсаты көршілес ТМД елдерінен алыс-жақын Азия, Европа елдерінен тауар айналымын күшейтіп, халыққа азық-түлік бағасын қолжетімді етіп тұрақтандыру болып табылады.
Жуықта осы мәселеге қатысты облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысуымен Қытай Халық Республикасының Чжэцзян провинциясы, Ханжоу қаласында Қазақстанның «MEGA-AGAT» ЖШС және қытайлық «Чжэцзян Навэс Индустри энд трэйд КО ЛТД» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында 10,0 млн. АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция арқылы радиаторлар, газ қазандықтары, жылы еденге арналған коллекторлар өндірісі жүзеге асыру қарастырылған. Өндірілген ет, өнімі- 8,4 мың тонна. Сауылған сүт –17,8 мың тонна. Жұмыртқа – 7800,5мың дана. Дәнді дақыл –4,8 мың тонна. Бақша – 73,6мың тонна. Көкөніс – 14,4мың тонна. 2023 жылы бұл көрсеткішті 25,9 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда. Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан 2023 жылға енгізілген жоспар 15000,0 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары тапсырылған. Алғашқы төрт айдың қорытындысына сәйкес 7292,2 гектар(оның ішінде: 7291,0 гектар жайылым; 1,2 гектар суармалы егістік) жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды немесе тапсырма 48,6 пайызға орындалды.
Сонымен қатар ауданда жаңа бизнес идеяларды іске асыру мен кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттар бағдарламасы енгізілді. Өткен жылы 475 үміткер қатысып оның 114 -ті (1.225.200 теңге) грант алды. Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау. Оның ішінде демеушілер есебінен 6 отбасына 48,0 млн теңге көлемінде,7 отбасыға мемлекет тарапынан жеке тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Азық-түлік көмек түрінде 2731 отбасына 67,8 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек 61 отбасына 1,5 млн.теңге, қатты отын 75 отбасына 2,0 млн. теңге, киім-кешек пен 161 отбасына 1,9 млн теңге көлемінде және 74,0 млн.теңгеге басқа көмек түрлері көрсетілді. Сонымен қатар, «Хан» ойын сауық орталығында 44 бала ай сайын тегін ойнайды, «Бахтияр» және «Қанат» шаштараздарында 88 бала ай сайын тегін шаштарын қидырады. Арыста 33662 тұрғынды жер асты ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған тозығы жеткен жоғары қысымды су магистралдық құбырын жаңа 12,6 шақырым құбырға ауыстыру құрылыс жұмыстары басталды (құны 2065,4 млн тенге, 2023 жылға 565,4 млн тенге). 2023 жылы Ұзындығы 12,6 шқ магистралды су құбыры құрылысын аяқтап, пайдалануға беру. (құны 2065,1 млн тенге). Қаладағы 3 тұрғын ауданда (Саяжай 1,2, Алатау) 16 көше, жаңадан су құбырларының құрылысын аяқтап, пайдалануға беру. Қамтылатын халық саны – 7418 адам.
Өткен жылы “Ауыл — ел бесігі” жобасы аясында Жиделі және Саналы елді мекендеріне қарасты 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен қалада 12 көшеге орташа жөндеу, жұмыстары жүргізілді. Жолдарды күтіп ұстау жұмыстары есебінен Жосалы мен Аққала е/м байланыстыратын 5,3км топырақ жолға тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Қала бойынша жолдарды күтіп жұмыстары есебінен, 310 метр жасанды жол кедергілері, 210 дана жол белгілері орнатылып, 1600 ш.м. асфальт жабындысы жөнделді, 1808 ш.м. жол және жаяу жүргінші сызбалары сызылды. Қала аумағында 13 дана автобус аялдамалары орнатылды. Монтайтас және Дермене а/о өз бюджеті есебінен Монтайтас, Шағыр және Екпінді елді мекендерінде тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік бүгінде тұрғын үй кезегінде 2114 адам тіркелген. Арыс қаласы бойынша жалпы 108 көпқабатты тұрғын үй бар. Коммуналдық тұрғын үй саны — 16; 2022 жылы “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз 240 отбасыға баспана берілді. Оның ішінде: Көп балалы отбасылар-120, Халықтың әлеуметтік осал топтары-96, Жетім балалар-24.