ТҮРКІСТАН: «КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ» МЕН «ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ» АРАСЫНДА ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫС ОРНАУЫ МҮМКІН

Жуықта Кентау трансформатор зауытының жұмысымен Қытай делегациясы танысқан болатын. Қытай Халық Республикасы, Юэцин қаласының өкілдері Түркістан облысына іссапары аясында «Кентау Трансформатор зауыты» АҚ кәсіпорнында болды. «Кентау Трансформатор зауыты» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Худайбергенов делегация өкілдеріне зауыт жайлы ақпарат беріп, қазіргі жұмысымен таныстырды. Кездесуде Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов кәсіпкерлерге ұсынылатын инфрақұрылымы дайын аймақтар туралы айтып өтіп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаланың тарихы, өндірістік әлеуеті және қазіргі кезде шетелдік инвесторлар үшін қаламызда жасалынып жатқан қолайлы мүмкіншіліктер жайлы атап өтті. Өз кезегінде Қытай Халық Республикасының делегация өкілдері Кентау қаласының экономикалық әлеуетін жоғары бағалап, алдағы уақытта ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін білдірді.

Кеңес одағы кезінде Қазақстанда салынған зауыттардың жанынан аймақтарда шағын қалалардың құрылысы қарқын алды. Бұл жергілікті халықтың күнделікті өміріне оң өзгеріс алып келді. Соның бірі, 1959 жылы бой көтерген «Кентау трансформатор зауыты» АҚ. Зауыт бүгінде Кентау қаласының ғана емес, еліміздің экономикасына да үлес қосып келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Жергілікті халықты жұмыс орнымен қамтып қана қоймай, жоғары жалақы ұсынып отыр.

Бұрын Кентау қаласында Казполиметалл деген комбинатта электр қозғалтқыштарды жөндейтін қойма ашылған болатын. Сол шеберханада машина жөндейтін 45 адам жұмыс істейді. Украинаның Запорожье қаласында одақтың трансформатор құрылысы институты болған. Сол институттың филиалы есебінде әрі сол оқу орнының жобасы бойынша Кентауға зауыт салу жоспарланған. Мамандардың бәрі Украина, Белоруссия, Ресейден алынып, олар осында көшіп келген. Уақыт өте келе қойманың жұмысы ұлғайып, зауыттағы жұмысшылар саны 700-ге жеткен. Қазіргі таңда зауытта 1252 адам жұмыс істейді. Орташа айлық жалақы – 180 мың теңгені құрайды. Жиырмадан астам ұлт өкілдері кәсіпорында тату-тәтті, өзара бірлесіп жұмыс істеп келеді.

Кәсіпорынға ТМД елдері арасынан және Германия, Италия, Австрия, Бельгия, Қытайдан 12 млрд теңгеден астам қаржыға жаңа техникалар сатып алынған. Осылайша кәсіпорынымызды 93 пайызға дейін жаңарттық. Цехтер мен бөлімдер де ұмыт қалмады. Сізге айтайын, зауытымызда қазіргі заманға сай 500-ден астам бұйым түрі бар. Жұмыс үш ауысымда жүреді. «Кайдзен» басқару жүйесін қолданамыз, — деді зауыт басшысы Хайрулла Байділдаұлы.

Кентау трансформатор зауытының өткен жылғы өндіріс көлемі – 28 млрд теңгеге жеткен. Басқарма төрағасының сөзінше, былтыр бірінші рет рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Дайын болған өнімнің 40%-ын 14 елге яғни Чехия, Латвия, Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Монғолияға экспорттайды. Сонымен қатар, жыл сайын трансформаторлардың 40-тан аса жаңа түрін өндіріске енгізіп отырады. Зауыттың мұнай секторында да бес жылдан бері тұрақты ірі серіктестері бар. Атап айтқанда, олар «ТШО – ТеңізШеврОйл», «КПО – Қарашығанақ ПетрОйл», «NCOC – Қашаған». Аталған жоба бойынша келіссөздер ағылшын тілінде жасалады.

Мамандардың айтуынша, бір трансформатор жасау үшін мыңнан аса деталь қажет. Кәсіпорында қолданылатын материалдардың 84%-ы шетелден алынады және қайта өңдеуден өтеді. Қалған 60% материал отандық тауар. Зауытта екі робот бар. Бірі дәнекерлеуші болса, екіншісі жинаушы робот. Роботтар жүз адамның жұмысын істей алады. Жапонияның «Yaskawa» және Швейцарияның «Tuboly» деген компаниясынан алынған роботтарға 1 млрд теңге қаржы кетіпті. 50%-ын мемлекеттік грант құрайды. Қожабаевтың айтуынша, бұл екі робот өз қол астында жұмыс істейтін инженерлердің арнайы тапсырысымен жасалған. Басқа ешбір елде аналогы жоқ. Сонымен қатар зауыт бір айда қанша өнім шығарады деген мәліметке келсек, мыңнан аса дайын өнім өндіріледі.  Өнім өндіру жұмыстары трансформатордың күшіне байланысты. Мысалы, 6-10 КВТ трансформаторларды дайындап шығаруға біздің Ресейдегі, Еуропада, Қытайдағы әріптестеріміз 45-60 күн уақыт жібереді. Ал біз алты күнде өте жылдам шығарады ал оның  себебі, жұмыстың жүйесіне байланысты. Сапаны жоғары деңгейге көтеріп тастағанбыз. Жұмыс барысы Кайдзен деген жапондық әдіспен жүргізіледі.

Өндіріс ошағында  60% жастар жұмыс істейді құрайды. Сонымен қатар кәсіпорында «Жас лидерлер клубы» жұмыс істейді. Мақсаты – жас мамандарды қолдау. Клуб мүшелері зауытқа пайда әкелетін, дамытатын жобалар дайындайды. Белсенді жастардан жетекші маман дайындайды әрі жұмыс бірге істейді. Үздік жоба ұсынған жастарға ақшалай сыйақы беріледі. Ал ерекше идея ұсынса оны зауыттың өндірістік жүйесіне енгізуге дайын. Бұдан бөлек, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып тұрады. Футболдан зауытта 14 команда бар. Мұның бәрі де болашақ мамандарды білімді және ынталандыру үшін жасалып отырған дүниелер.

Зауыттың жанынан 2012 жылы политехникалық колледж ашылған. Ол осы Кентау трансформатор зауытының (КТЗ) базасында құрылды. 2012 жылы колледждің табалдырығын 107 студент аттаған. Оларды «Техниканы пайдалану, қызмет көрсету және электр және электромеханикалық құрал-жабдықтарды жөндеу», «Электрожабдықтар электр станциясы, шағын станция және желі», «Электрожабдық», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша қабылдаған.

Аталмыш кәсіпорыннан өндірілетін өнім түрлері Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Кентау трансформатор зауыты – электр энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешенін және тұрғын үй-коммуналдық секторын қоса алғанда, экономиканың барлық салалары үшін жеткізілетін, кең қолданысқа арналған трансформаторлық жабдықтарының жетекші қазақстандық өндірушісі. Зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Кәсіпорын сапалы трансформаторларды ғана емес, энергия үнемдейтін трансформаторларды шығарады. Еліміздегі ірі кәсіпорындарының бірі осы Кентау трансформатор зауытында жылына 28 млрд теңгенің өнімі шығарылады. Заманауи үлгідегі трансформаторлар Әзербайжан, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан секілді бірнеше елдерге экспортталуда.

Жоғарыда айтып өткен  дәнекерлеуші роботтар бір мезетте 6 адамның жұмысын атқаруға қауқарлы. Жапондық Yaskawa Motoman роботы дәнекерлеу сапасын арттыруға және кәсіпорынның өнімділігін жоғарылатуға арналған. Бір дәнекерлеуші маманның 8 сағатта атқаратын жұмысын робот 20 минут ішінде орындап шығатын көрінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *