ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 49 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАЛАР САЛЫНАДЫ

Биыл медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі іске қосылады. Бұл науқастарды қорғауды қамтамасыз етуге, медициналық мамандықтың беделі мен абыройын арттыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақты денсаулық сақтау саласына тартуға мүмкіндік береді. 2023 жылы орташа жалақыны дәрігерлерге – 30%-ға 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлеріне – 20%-ға 250 мың теңгеге дейін көтеру қарастырылған. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  гранттар саны 70%-ға ұлғайтылатын болады.

Оған қоса Түркістан облысында медициналық орталықтар саны арта түспек. Сонымен бірге, Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухана салу жоспарлануда. Сондай-ақ, Облыстық балалар ауруханасы және «Ана мен бала» орталығының да құрылысын жүргізу көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Денсаулық сақтау саласын ілгерілету мен медициналық жабдықтармен қамту бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы ауру-жітім көрсеткіші төмендеді. 4 аурухана антиограф, 2 аурухана компьютерлік томографиямен жабдықталып, 1016 дана салаға қажетті техника алынған. Осылайша медициналық жабдықтармен қамту деңгейі 84%-ды құрады. Жалпы Облыста 45 медициналық ұйым жұмыс істейді. Онда 5509 дәрігер және 19154 орта персонал халыққа қызмет көрсетеді. Өткен жылы 31 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп, оның 17-і ел игілігіне пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 млн. халық тұратын оңтүстік аудандар үшін Сарыағаш қаласында перинаталдық орталығы мен заманауи медициналық кешен салуды тапсырған болатын. Қазіргі таңда нысан құрылысы үшін жер учаскесі бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында ауылдарда 49 жаңа нысан салынады. Жергілікті тұрғындардың сұранысы ескеріледі. 2022 жылы 5 нысан күрделі жөндеуден өтсе, 2023 жылы қосымша 2 нысанға жөндеу жүргізіледі.

Биыл 2023 жылы көлік медицинасын енгізу жұмыстары жалғасады. Шалғай ауылдарда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін жылжымалы медициналық кешендер кеңінен қолданылады, бұл 1,5 млн ауыл тұрғынын қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар медициналық пойыздар есебінен 300 мыңнан астам ауыл тұрғынына тиісті қызмет көрсету жоспарлануда. Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырыла бастайды, оның шеңберінде диагностикалық жабдықты жаңғырту, ядролық медицина орталықтарын (ПЭТ/КТ диагностикасы) ұйымдастыру, молекулалық-генетикалық тестілеуді кеңейту, КТ және МРТ балалар стационарларын қосымша жарақтандыру, шағын инвазивті хирургияны және интервенциялық емдеу әдістерін дамыту, ісікке қарсы жаңа заманауи онкологиялық орталықтар құру, арнайы мекемелердің төсек-орын қорын ұлғайту, 17 желілік үдеткіш сатып алу және т. б. қадамдар көзделген.

Биыл ғылыми-зерттеу компоненті бар екі көпбейінді клиниканың – Астанадағы 200 орындық Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының және Алматыдағы 350 орындық Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың емдеу-диагностикалық корпусын ашу көзделген (нысанның құрылысын 2024 жылы аяқтау жоспарланған). Сонымен қатар МЖӘ аясында Көкшетау қаласында 630 орындық көпбейінді аурухана құрылысы басталады.

Республикада Қазақстан аумағында бірегей шетелдік препараттарды шығаруды локализациялау есебінен дәрі-дәрмекті келісімшарттық өндіру тетігі белсенді түрде енгізіледі. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының фармацевтикалық нарықтағы отандық өндіріс үлесін 50%-ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылға қарай AstraZeneca-мен Қазақстанға инвестициялар салу, технологиялар трансферті және жаңа зерттемелер туралы негіздемелік келісімге қол қойылады. Жалпы, елімізде қабылданып жатқан барлық шаралардың нәтижесінде сұранысқа ие дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар өндірісі ұлғаяды, ал оларды тіркеу, сараптамадан өткізу және баға белгілеу анағұрлым ашық болады.

Сондай-ақ ауылда медициналық қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартуға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша да белсенді жұмыс жүргізіледі. Оның аясында 2026 жылға дейін 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарын салу, реконструкциялау және жабдықтау, қолданыстағы 12 аурухананы жаңғырту және жаңа 20 көпбейінді аудандық аурухана ашу жоспарлануда. Оның ішінде 2023 жылы 309 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанын ашу көзделген.

Осы жылы 2023-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы қабылданбақ. Оның аясында қалалар мен ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізу, республикалық және бірінші дәрежедегі облыстық жолдардың бойында талшықты-оптикалық байланыс желілерін монтаждау, сондай-ақ бесінші буындағы мобильді байланыс желілерін енгізу қарастырылған. Бүгінгі таңда базалық станциялар орнатылып, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 5G байланысы пилоттық режимде іске қосылды. Айта кетейік, мемлекет ұлттық жобаларда қаралған шараларды ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын және әлеуметтік міндеттемелерді орындау аясында басым тәртіппен қаржыландырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауыл медицинасының ахуалын жақсарту жөнінде тапсырма бергені белгілі. Ауылдағы ағайын бұл оң өзгерісті биылдан бастап сезіне бастайды. Биыл Түркістан облысында 50-ге жуық ауылда жаңа медициналық нысандар бой көтереді деп жоспарлануда. Ауқымды жоба 2023-2024 жылдары аралығында іске аспақ. Атап айтқанда, медициналық және фельдшерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар салынады. Бұл жөнінде Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары мәлімдеді. Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, өңірде ауданаралық 4 аурухана қайта жаңғыртылып, жасақталады. Сарыағаш, Сайрам, Ордабасы және Жетісай аудандық ауруханаларына «Алтын сағат» жүйесі енгізіледі. Нәтижесінде 1 сағаттың ішінде инсульт пен инфарктқа шалдыққандарға, сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Ол үшін аудандық ауруханалар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және білікті мамандармен қамтылатын болады. Бұдан бөлек бірінші вице-министр, Түркістандағы құрылысы тоқтап тұрған көпсалалы облыстық аурухананың жағдайы туралы баяндады. Айта кетейік, 630 орындық медициналық орталықтың құрылысы белгісіз себептерге байланысты былтыр тоқтап қалған болатын. Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары: — Мемлекеттік экспертиза дейді, ең негізгі құжат. Соны жақын арада ғана алды. Келесі процедура Денсаулық сақтау министрілігінің және Ұлттық экономика министрлігінің экспертизасын алу керек. Одан кейін ары қарай Денсаулық сақтау министрілгі мен жекеменшік әріптестік аясында қол қойылғаннан кейін құрылыс ары қарай жалғасатын болады.

Дені сау ұлттың болашағы зор болмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның байлығы ең алдымен адамдар екенін атап өтті. Осы орайда, биыл күзде Түркістан облысына қарасты 8 ауылға «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келмек. Медициналық пойыз «Алматы-2» теміржол вокзалынан салтанатты түрде жолға шығып, осы жылдың 6 желтоқсанына дейін бүкіл Қазақстан бойынша 120-дан астам станцияны қамтымақ. Ал оңтүстік өңіріне биыл қараша айының 5-19 күндері аралығында қызмет көрсетеді. Өңірдегі емдеу шаралары жоспарға сәйкес, Күншағыр, Ақшоқат, Қарақоңыр, Шағыр, Бадам, Игілік, Қызылсай, Ынтымақ елдімекендерінде орналасқан станцияларға тоқтайды. Сонымен қатар, медициналық пойыз станцияларда 1-2 күн аялдайды. Дәрігерлер тұрғындарды жұмыс уақытында қабылдайды. Медициналық бригадалар диагностикалық процедуралар ғана емес, сондай-ақ, шағын амбулаториялық операциялар жасайды. Оның ішінде тұрғындар терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр мамандарынан тегін тексеруден және емдеуден өте алады. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен және ақпараттық серіктес – Jibek Joly телеарнасымен бірге жүзеге асырады. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, сымсыз ғаламторға қолжетімді құралдармен жабдықталады деп көзделіп отыр. Биыл республика бойынша 75 мыңға жуық ауыл тұрғынына 35 медицина маманы қызмет көрсетеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар Бәйдібекте  жаңадан инсульт орталығы іске қосылып, өз жұмысын бастады.  Халыққа медициналық қызмет көрсету стандарттарына сәйкес Бәйдібек аудандық орталық ауруханадан инсульт орталығы ашылды. Инсульт ауруына шалдыққан науқастарға осы орталықта сауықтырудың бірінші, екінші кезеңдік дәрігерлік көмегі көрсетіледі. Инсульттің ишемиялық түрінде тромболизистік ем қолданылады. Геморрагиялық түрінде түрлі бас миына оталар жасалады. Ауданның бас дәрігері Гүлдария Шардарбекова аудан әкіміне орталықтағы инсульттің алдын алу және емдеу үшін аса қажетті заманауи компьютерлі томограф аппараты орнатылып, іске қосылғандығын баяндап, емдеу ісіндегі артықшылықтарын түсіндірді. Компьютерлі томограф аппараты адамның ағзасындағы қан-тамыр жүйесін толықтай зерттеуге мүмкіндік береді. Енді ауданындағы ауылдық, елді мекен тұрғындарының облыс орталығы мен басқа да қалаларға барудың қажеті жоқ. Орталықта науқастардың ауру деңгейін анықтайтын компьютерлі томограф аппараты тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсететін болады. Медицина мамандарымен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.

Елімізде әсіресе Оңтүстік өңірлерде медицина саласы айтарлықтай дамып келеді. Қазақстанда теңдесі жоқ, ерекше әдістеме ойлап табылды. Бұл жобаның авторы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жоғары білікті логопед-дефектологы Рауан Байчинов. Жоба авторының айтуынша, бұл әдістеме үш жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған. Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, жас ғалым авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар тізіліміне мәлімет енгізу жөнінде куәлік алған. Жобаны дайындау кезінде тікелей ғылыми кеңесші болған – педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР ЖАК доценті Кульчария Коккозева. «Кохлеарлы импланты бар мектеп жасына дейінгі қазақ тілді балалардағы дауыстың интонациялық құрылымдарын зерттеу» атты ғылыми жоба 2018 жылы басталған. Бүгінгі таңда 86 балаға зерттеу жүргізілді. Оның жетеуі дыбыстар мен сөйлеуді қабылдау, дыбысқа еліктеу, сөз тіркестері және қарапайым сөйлемдер атты төрт кезеңнен тұратын қайта оңалтудан өтуде. Рауан Байчинов осы әдіспен екі жылдан бері оқытылып жүрген балалардың бірі бүгінде сөйлем құрап, сөйлеп жүргенін айтады. Тағы біреуі кохлеарлы имплант қойғалы дыбыстар мен дауысқа елеңдемейтін болған. Бірақ екі ай бойы арнайы әдістемемен үйретілген бала дыбыстарды жақсы қабылдап, жақсы ести бастаған. Дегенмен, ол әлі қайта оңалтудың үш кезеңінен өту тиіс. Бүгінде бұл әдістемені ШҚО білім басқармасының облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі, «Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер қауымдастығы» қоғамдық ұйымы және университет базасында ашылған «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім орталығы қызметкерлері қолданып жүр. Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына Италия елінде шығарылған «Euroampli Alien 3030 Cardio» кардиохирургиялық операциялар мен зерттеулерге арналған мобильді ангиограф орнатылды. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап жоспарлы түрде ота жасалуда. Жоспарлы түрде келген науқастарға МӘМС аясында тегін көмек беріледі. Ал шұғыл түрдегі отаға «Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек» (ККТМК-ГБОМП) түрімен жүзеге асырылып отырады. Айта өтейік, Сарыағаш ауданы бала туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда келе жатыр.

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында 5 науқасқа жоспарлы түрде коронорографиялық ота және коронарлық артерияларды стендтеу отасы жасалынды. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен ШЖҚ «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» МКК-ның басшысы мамандарды оқытып, біліктіліктерін арттырып, медициналық көмек түрін аудан тұрғындарына ауқымды түрде жүргізуді жолға қойды. Бүгінгі ота жасау кезінде аурухананың дәрігерлері алғашқы оталарын сәтті жасады. Ауруханада Сарыағаш ауданының тұрғандары ғана емес, көрші аудандардың тұрғындары да медициналық көмекке жүгіне алады. Нақтырақ атап өтсек, Келес ауданы, Мақтаарал ауданы, Қазығұрт және Шардара аудан тұрғындары коронарлық ангиография және коронарлық артерияларды стенттеу, аортография, төменгі аяғындағы ангиопластика және стенттеу артериографиялық ота түрлері бойынша Сарыағашта емделеді. Басты мақсат — заманауи көпсалалы орталық ауданаралық ауруханалар желісін ұйымдастыру. Бұл ауыл тұрғындарына жедел және мамандандырылған медициналық көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік береді. Аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы облыс бойынша Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында алғашқылардың бірі болып қолға алынған. Бұл бағыттағы жұмыс жанданады Сонымен қатар Өткен жылдың қорытындысымен Түркістан облысы бойынша МӘМС үшін 23 млрд теңгеден астам жарна аударымдары түскен. Аталған қордың облыстық филиалының директоры Асхат Бейсенбаевтың айтуынша, жалпы жиналған қаржының 12 млрд 962 мың теңгесі – жұмыс берушілердің аударымдары, жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 1 млрд 74 мың теңге, ал 76 мың теңге бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша аударылған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары – Ұлттық банкте сақталады да медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасалып, тексерілгеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі.

Биыл Түркістан облысында ауыл медицинасын дамытуға айырықша күш салынып жатыр. Тұрғындар енді операция жасату үшін қалаға бармайды. Себебі жергілікті ауруханалар заманауи құралдармен жабдықталып, білікті дәрігерлер жұмысқа тартылмақ. Келесі жылдан бастап бір-біріне іргелес орналасқан бірнеше ауданның ауруханалары бірігеді. Жанболат Ділдәбеков Түркістан облысының бас трансплантологы. Хирург адам ағзасын ауыстырудан бөлек асқазан, ішек, өт жолы сияқты басқа да күрделі операция жасайды. Білікті дәрігер осыған кейін Түркістан орталық ауруханасын бірнеше жыл басқарды. Жақында Сайрам аудандық орталық ауруханаға ауысты. Енді ол ауылдық жерде де күрделі операцияларды жасай беретін болады.
Жанболат Ділдабеков, Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері: — Түркістан облысында, Түркістан қаласында оның ішінде медицина саласына қосқан үлесіміз деп санаймыз. Сайрам аудандық орталық ауруханасы Түлкібас, Төле би аудандарының ауданаралық ауруханасы болып жоспарланып отыр. Күрделі операциялар жасалады. Мысалы, бауыр, асқазан, ішек жолдарына жасалады. Лапароскопиялық операциялардың барлық түрі жасалады. Зат алмасудағы операциялар, семіздік, қант диабеті, барлық операция түрі ендірілді. Тәжірибелі хирургті ауданға ауыстыру үлкен жобаның басы ғана дейді мамандар. Себебі келесі жылдан бастап бір-біріне іргелес орналасқан бірнеше ауданның жергілікті ауруханалары біріктіріледі. Заманауи жабдықтармен қамтылып, дәрігерлер біліктілігін арттырады. Сөйтіп, бұрын облыс орталығында ғана іске асырылатын күрделі операциялар аудандық ауруханаларда жасалады. Бұл әсіресе ауыл тұрғындары үшін тиімді болмақ.
Марат Пашимов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: — Бұрын ауыр науқас түсетін болса, Шымкентке болмаса басқа қалаға тасымалдайтынбыз. Енді орталық ашатын болсақ, ол өз деңгейінде көмек көрсетеді. Одан кейін оны орталыққа апарудың қажеті болмайды. Операцияда сонда жасалады. Компьютерлік томограф бар, МРТ қойылады. Құрал-жабдықтардың бәрі ауданда болады. Олар халыққа қызмет көрсетеді. Мамандарды қазір оқытып жатырмыз. Келесі жылға бәрі дайын болады. Түркістан қаласының медицина саласында да үлкен өзгерістер болады. Биыл жыл соңына қарай көп салалы медициналық орталық пайдалануға беріледі. 8 қабатты заманауи ғимарат бір мезетте 570 науқасты қабылдай алады. Мұнда 2 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Жалпы Түркістан облысы халқының саны 2 116 450 адамға жеткен. Оның ішінде қала халқы 517981 адамды, ауыл халқы 1 598 469 адамды құрады. Бір жыл ішінде өңірде 53 123 сәби дүние есігін ашқан. Аталған мерзімде 27137 ұл және 25986 қыз туылған. Облыс бала туу бойынша республика деңгейінде көшбасшылардың қатарында тұр, оның үлесі 14,4% құрады. Жалпы, елімізде бір жыл ішінде халықтың табиғи өсімі 268,8 мың адамды құрады. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан (27,23) облыстарында және Шымкент қаласында (26,34) байқалды.Түркістан облысында 50-ге жуық ауылда жаңа медициналық нысандар бой көтереді. Ауқымды жоба 2023-2024 жылдары аралығында іске аспақ. Атап айтқанда, медициналық және фельдшерлік пункттер мен дәрігерлік амбуллаториялар салынады. Бұл жөнінде Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары мәлімдеді. Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, өңірде ауданаралық 4 аурухана қайта жаңғыртылып, жасақталады. Сарыағаш, Сайрам, Ордабасы және Жетісай аудандық ауруханаларына «Алтын сағат» жүйесі енгізіледі. Нәтижесінде 1 сағаттың ішінде инсульт пен инфарктқа шалдыққандарға, сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Ол үшін аудандық ауруханалар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және білікті мамандармен қамтылатын болады. Бұдан бөлек бірінші вице-министр, Түркістандағы құрылысы тоқтап тұрған көпсалалы облыстық аурухананың жағдайы туралы баяндады. Айта кетейік, 630 орындық медициналық орталықтың құрылысы белгісіз себептерге байланысты былтыр тоқтап қалған болатын. Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары: — Мемлекеттік экспертиза дейді, ең негізгі құжат. Соны жақын арада ғана алды. Келесі процедура Денсаулық сақтау министрілігінің және Ұлттық экономика министрлігінің экспертизасын алу керек. Одан кейін ары қарай Денсаулық сақтау министрілгі мен жекеменшік әріптестік аясында қол қойылғаннан кейін құрылыс ары қарай жалғасатын болады.
Өткен жылы Медициналық инфрақұрылымды дамыту мақсатында Түркістан облысында 78,5 млрд. теңгеге 7 жаңа нысан салынып бастаған болатын.  Сондай-ақ, Түркістанда модульді инфекциялық аурухана салынды. Өңірдегі 8 емдеу нысандары күрделі жөндеуден өтуде. Оның 6-ы пайдалануға берілді. Бұл жайлы денсаулық сақтау саласының кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың қатысуымен өткен алқа отырысында Қоғамдық денсаулық басқармасы 2020 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, перспективалары талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Басқарманың қызметіне оң баға беріп, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
«Статистикалық деректерге сүйенсек, халық санының өсуі бірінші кезекте туу көрсеткішіне және ана мен бала денсаулығына тікелей тәуелді. Облыста ана мен бала өлімін төмендету үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, әлеуметтік ахуалды түзету бағытында біршама істер атқарылды. Бүгінде Түркістан облысы ана өлімі бойынша республикада 16.3 көрсеткішімен ең соңғы орында. Сәби өлімі бойынша еліміздегі көрсеткіш 7.1. Бұл дәрігерлердің тынымсыз еңбегінің жемісі. Сондай-ақ, облыс бойынша негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өткен жөн. Осылайша, соңғы жылдары өңірде өмір сүру ұзақтығы артып, жалпы өлім-жітім, туберкулез 26.5% төмендеген. Қатерлі ісік аурулары, қан айналымы жүйесі аурулары да едәуір азайды»,- деді өз алқа отырысында сөз алған Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *