ЦИФРЛАНДЫРУ: ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА АЛДАНБАҢЫЗ — 3

 

Сонымен қатар киберқауіпсіздік саласының мамандары да бірнеше сақтану жолдары мен алдын алу шараларын ұсынды.

Ақша жіберуді сұрау:

Соңғы алты айда елде фишингтік шабуылдар жиілеп кетті. Алаяқтар WhatsApp мессенджерін пайдаланушының шотына зиянды сілтеме арқылы қол жеткізеді және пайдаланушының барлық контактілеріне қаржылық жағдайының қиын екенін айтып, ақша жіберуді өтініп хабарлама жібереді. Алаяқтар қаражатты, әрине, шоттарға аударуды сұрайды. Сондай-ақ күмәнді сілтемені алаяқтар конкурсқа немесе дауыс беруге қатысу ретінде жасыра алады.

Емтихан тапсырусыз жүргізуші куәлігіне ие болу:

Биыл алаяқтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алу туралы ұсыныс айтып, хабарландыруларды белсенді түрде жариялай бастады. Бұл ұсынысқа сенген азаматтар барлық талапты бірден орындай бастайды: құжат алу үшін ақшаны және жеке деректерін жіберді. Бірақ ақшаны алғаннан кейін алаяқтар телефондарын өшіреді және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі хабарламаларға жауап бермейді. Жүргізуші куәлігін емтихан тапсырғаннан кейін ғана алуға болатындығын әрдайым есте ұстаған жөн.

Қайырымдылықты желеу ете отырып жасалатын алаяқтық:

Соңғы уақытта қайырымдылық қызметі өте өзекті болып отыр, өйткені атақты адамдар мен блогерлер қайырымдылықпен айналыса бастады. Олар ақша жинау науқандарын жүргізеді, түрлі акцияларға қатысады, қажетті ақшаны жинау үшін тікелей эфирге шығады. Осындай атақты адамдардың бастамалары да алаяқтардың назарынан тыс қалған жоқ. Олар балалардың интернеттен алынған фотосуреттерін пайдаланады, оларға жалған өмірбаяндар жасап, жаңадан қор құрады. Кейбіреулері тіпті сенімді көріну үшін еш шімірікпестен жұмыс істеп жатқан қорларды көрсетіп қояды. Сондай-ақ алаяқтар қордан баланың суреті мен тарихын көшіре алады, бірақ астына өз деректемелерін қояды. Егер адамдар суреті көрсетілген бала туралы ақпаратты тексеріп алғанның өзінде, оның деректемелерін назардан тыс қалдыруы мүм кін, соның салдарынан ол аударған ақша алаяқтарға кетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *