
Қазір адамзатқа не белгілі бір мемлекетке қауіп төндіру үшін бұрынғыдай атом бомбасын, ракетаны жасаудың қажеті жоқ. Жалпылама қарайтын болсақ, бұл бүкіл адам баласына қауіп тудырмайды, бірақ кейбір мемлекеттер мен ұлттарға үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Алайда бұл жасанды интеллект әзірге қауіпсіз деген сөз емес. Қазірдің өзінде сақтануға себеп бар көрінеді. Жасанды зерде көмегімен алаяқтық жасап жүрген хакерлер барын Түркістан облысының тұрғындарына ескерте отырып, алаяқтардан сақ болыңыздар деп үндеу жасаймыз. Жасанды интеллекттің қазіргі ең басты қаупі – дипфэйк технологиясы. Ол адамның бетін көшіріп, одан бейнематериалдар жасап шығарады. Қазірдің өзінде хакерлердің осындай әрекетіне бірнеше адам алданып үлгерген. Тіпті белгілі адамдардың атынан сұхбат жасап, алаяқтық істеуге болады. Одан кейін дипвойс деген технология жаңадан шығып жатыр. Ол адамның дауысын, интонациясын келтіріп, аудио хабарлама жіберуге немесе біреумен әңгімелесуге де болады. Бұлар қазіргі ең басты қауіптердің қатарына жатқызылған. Одан бөлек, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі де қазір күн тәртібінен түспей тұр. Бүгінде хакерлік шабуылдар үйреншікті жағдайға айналған. Сондай-ақ кез келген жүйенің басқару тетігін басып алу арқылы ақша бопсалауды кәсіпке айналдырғандар да бар. Бұл – қауіптің бергі жағы. Мамандар бұзық ниеттілер маңызды мекемелердің жүйесін бұзып кіретін болса, қауіп сол кезде басталатынын айтады.
Қорыта келе, жаңа заманның кез келген жаңалығы дұрыс пайдаланса, адам баласына жақсылық әкелетіні сөзсіз. Қауіп-қатері аз болмаса да, жасанды интеллектті дамытудың қазіргі беталысына қарап, еңбек нарығының болашағы алаңдатпай қоймайды. Мәселен, қаншалықты зиян десек те, қару-жарақ өндірісі, оның ішінде жойқын қару жасау ісі жалғасып жатыр. Тіпті, ядролық державалар жыл өткен сайын бір-бірінен асып түсуге талпынуда.