ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ КӨЗҚАРАС ЕРЕКШЕ-7

 

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлына редакциямыздан арнайы хатпен сұрақтар жолдадық. Мақсатымыз – шаһар басшымен қағаз бетінде сұхбаттасу. Жауап келді. Сұрақтар мен жауаптарды қаз-қалпында назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Баршы жұрттың назары түсіп отырған қаланың атқарушы органдағы кадрлық әлеуетіне байланысты не айтасыз?

Қала әкімдігіне қарасты атқарушы органдардың кадрлық әлеуеті тұрақты қалыптасқан. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметте тәжірибелі, кәсіби біліктілігі жоғары және жауапкершілігі жоғары мамандар жұмыс атқарып келеді. Кадрлардың әлеуетін арттыру мақсатында жыл сайын түрлі оқыту курстары, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылып, қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге басымдық берілуде.

Сонымен қатар  жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту, олардың тәжірибе жинауына жағдай жасау бағытында жастар кадрлық резервімен тағылымдамадан өту бағдарламалары табысты жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама қаланың кадрлық жүйесін жасартып, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға ықпал етуде.

Қаланың идеологиялық бағыты да ерекше назарда. Бұл салада тұрғындардың патриоттық рухын көтеру, тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеу және ұлттық бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, прокуратура және полиция басқармасымен бірлесе отырып, әкімдік «Қауіпсіз балалық шақ» жобасын қолға алды. Ата-аналармен жүйелі кездесулер өткізіліп, мектеп директорларына ұлт тәрбиесіне, патриотизмді қалыптастыруға және ұлы тұлғаларымызды дәріптеу ісіне қатысты нақты тапсырмалар берілді.

Дегенмен, идеологиялық жұмыстың қоғамдағы рөлін ескере отырып, алдағы уақытта бұл бағытта ақпараттық саясатты күшейту, жастармен жұмыс жүргізу тетіктерін жетілдіру және қоғамдық келісімді нығайту басым бағыттардың бірі болып қала береді.

М.ЖҰМАХАНҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *