«ӘДІЛЕТ»: ОТЫРАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

 

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарының сайлауалды штабының мүшелері Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында жергілікті тұрғындармен кездесті. Басқосуға партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Алмас Салимов, штаб мүшелері және облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар қатысты.

Кездесу барысында партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бастамалар кеңінен талқыланды. Әсіресе Отырар ауданында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселелеріне басымдық берілді.

17 2

Партия бағдарламасына сәйкес, алдағы жылдары Түркістан облысында бірқатар ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл бастамалар өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, өндірістік бағыттарды кеңейтуге, жаңа кәсіпорындар ашуға және жергілікті халықтың табысын көбейтуге мүмкіндік береді. Аталған жұмыстар аясында Отырар ауданында да бірқатар жобаны жүзеге асыру көзделген.

Жоспарланған инвестициялық бастамалардың нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындардың тұрақты еңбекпен қамтылуына жағдай жасалмақ. Сонымен қатар жергілікті кәсіпорындардың дамуына, шағын өндіріс орындарының көбеюіне және аудан экономикасының әртараптандырылуына жол ашылады. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға және ауданның даму қарқынын арттыруға ықпал етеді.

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмас Салимов өз сөзінде Отырар ауданының экономикалық мүмкіндіктеріне тоқталып, жергілікті әлеуетті тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті.

«Отырар ауданының ауыл шаруашылығын дамытуға, кәсіпкерлік пен шағын өндірісті өркендетуге әлеуеті зор. Біздің мақсатымыз – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, нақты жобаларды жүзеге асыру. Инвестициялық бастамалардың іске қосылуы аудан үшін жаңа жұмыс орындары мен қосымша табыс көздерін қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы, тұрғындар туған жерінде еңбек етіп, өз кәсібін дамытуға мүмкіндік алуы керек», – деді Алмас Салимов.

Сонымен қатар кездесуде ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады. Сайлауалды бағдарламада шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау, жаңа бизнес бастамаларды ынталандыру және ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктерін кеңейту міндеттері қарастырылған.

Осы бағытта облыс көлемінде кәсіпкерлерге жүйелі қолдау көрсетіліп, ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда бизнесті өркендетуге басымдық берілмек. Атап айтқанда, «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жергілікті өндірісті жандандыруға және жаңа экономикалық бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар қолға алынады.

Мұндай қолдау ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашуына, өндірістік қызметті жолға қоюына және қосымша табыс көздерін қалыптастыруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің әлеуетін арттыру арқылы аудандағы экономикалық белсенділікті күшейту көзделіп отыр.

Кездесу барысында тұрғындар да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Олар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы бастамаларға қатысты ойларын білдірді.

Штаб мүшелері тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, партия бағдарламасында қамтылған міндеттер мен жоспарланған жобалардың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар халықпен тұрақты байланыс орнатып, жергілікті жерлердегі мәселелерді ескерудің маңыздылығына тоқталды.

Жалпы, Отырар ауданында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу өңірдің тұрақты дамуына негіз болатын маңызды бағыттардың бірі. Бұл бастамалар аудан тұрғындарының еңбек әлеуетін арттырып, жергілікті экономиканың нығаюына мүмкіндік береді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *