Еліміздің азаматтарының негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын. Бұл жоба 2021 жылы іске қосылды. Ол тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды біріктіргенін айта кеткен жөн. Бұл оларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік берді. Өйткені олар ұлттық жоба аясында бюджеттік қаржыландыруда басымдыққа ие.
Өңірлердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды шаралардың қажеттілігі бірнеше факторлармен айқындалды. Мысалы, 2021 жылға қарай 1 миллионнан астам қазақстандық сапалы ауыз суды қажет етті, 53 қалаға кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту және салу қажет болды. Ірі қалалардың шеттерін ретке келтіру, нөсерлі кәріздерді қайта жаңғырту, «ескі кварталдарды» жаңарту және апатты (тозған) тұрғын үйлерді бұзудың өзекті мәселелері де шешуді талап етті. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымының әлсіздігі экономикалық өсуге айтарлықтай кедергі болды. Осыған байланысты Ұлттық жобаны екі бағытта жүзеге асыру туралы шешім қабылданды: Негізгі қызметтерге деген қолжетімділік; көлік байланысын қамтамасыз ету.
Жобаның бірінші бағыты – инфрақұрылымды кешенді дамытып, сапалы әрі жайлы тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыруды көздейді.Өткен жыл Түркістан облысында рекордтық 3,3 миллион тонна көкөніс жиналды. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1 триллион теңгеден асты, бұл өңірдің осы көрсеткіш бойынша республикада көш бастауына мүмкіндік береді. Облыстың басқа салаларында да жақсы өсу динамикасы байқалады.
Мемлекетіміз үшін аса зор маңызға ие, ауқымды «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» жалпыұлттық жобасын жүзеге асырудың азаматтар үшін ең айқын әсері өмір сүру жайлылығының артуы болмақ. Бұл негізгі көліктік, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы. 2025 жылға қарай маңызды нәтижелердің бірі –қаржыландырудың барлық көздерінен 236,7 мың отбасының жағдайын жақсарту болмақ. Қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділікті қамтамасыз ету. Ауылдық жерлерде тиімдірек болады. Өйткені қазір «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымның барлық түрлерін жаңғыртуға қомақты инвестициялар бағытталуда. Жалпы қалаларда инфрақұрылымның жағдайы жақсырақ. Бірақ сонымен бірге ірі қалалардың шеттерін жайластыру, нөсерлі кәріз құбырларын қайта құру, «ескі орамдарды» жөндеу және апатты (тозығы жеткен) тұрғын үйлерді бұзу секілді өзекті мәселелері шешілетін болады.
Жаңа жылдың алғашқы күні «Егемен Қазақстан» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлемді сұқбаты жарық көрді. Мемлекет басшысының ешнәрсені жасырмай, боямасыз жауап бергені ұнады. Мәселен журналистің: «Ал жаңа жылдан не күтесіз? Еліміздің алдында қандай міндеттер тұр?» — деген сұрағына.
– Мен өткен қыркүйектегі Жолдауымда жаңа экономикалық үлгіге көшетінімізді айттым, 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімді қазіргіден екі есеге арттыру мәселесін басты стратегиялық мақсат ретінде белгіледім. Көп ұзамай Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылып, алдағы жұмыстың амал-тәсілдері айқындалады.
Ұлттық құрылтайдың отырыстары идеология саласындағы мәселелерді, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісін, қоғамның құндылықтар жүйесін жаңғырту жайын талқылайтын тиімді пікірталас орнына айналды. Бұған дейін жаздыгүні шақырылып келе жатқан Құрылтайдың отырысын биыл сәл ертерек, көктемде өткізетін шығармыз. Осылайша, биыл экономикалық, қоғамдық-саяси және гуманитарлық салаларда атқарылатын жұмыстың негізгі бағыт-бағдары бірінші тоқсанда-ақ айқындалады.
Біз ұлт мүддесін ескере отырып, сындарлы әрі салиқалы сыртқы саясатты жалғастырамыз. 2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтеді. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу де еліміз үшін айтулы оқиға болмақ. Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен саламатты өмір салтын дәріптеу жағынан да, Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екені сөзсіз.
Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Сонымен қатар тарихшылардың пайымдауынша, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады. Биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын да аяқтаймыз. Бұл – өзімізден 200-ден астам, шетелден 60-қа жуық маман жұмылдырылып, тыңғылықты жасалып жатқан үлкен шаруа. Осындай маңызды оқиғалардан бөлек, күнделікті атқарылуға тиіс жұмыстар да аз емес. Бұл жылдың ел тарихында қандай орын алатыны барша азаматымыздың ерік-жігеріне де байланысты. Мен жаңажылдық құттықтауымда биыл бәріміз тұтас ұлттың өсіп-өркендеуіне куә болатынымызды айттым. Бірақ осы мақсатқа жету үшін біз бір ел болып, білек сыбана жұмыс істеуіміз керек, — деп ашық әрі нақты жауап берді.
Осы орайда мемлекетіміз үшін аса зор маңызға ие 10 ұлттық жобаның ішінде ең маңыздысы – 2021-2025 жылдарға арналған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасы екенін айта кеткенім жөн. Ұлттық жоба бұған дейін үш мемлекеттік бағдарламада (өңірлерді дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту) болған бағыттарды біріктіреді. Мемлекеттік бағдарламалардан айырмашылығы, ұлттық жобалардың форматы неғұрлым ықшам, талдаусыз, бірінші кезекте бюджеттік қаржыландырумен қамтамасыз етілген нақты іс-шаралар. Күтілетін нәтижелер ұлттық жоба кестесіне сәйкес тиімділік көрсеткіштерімен өлшенетін болады. Ұлттық жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында да көрініс тапқан №10 Ұлттық басымдықты айқындайды. Базалық инфрақұрылымды кешенді дамыту шеңберінде: 5,3 мың км су құбыры және су бұру желілерін салу және қайта жаңарту; 175 км нөсерлі кәріз желілері мен арықтар; 220 біріктірілген блоктық модульдер мен 2407 жалпы үй жылу және су есептегіштерін орнату; тазарту құрылыстарын салу және қайта жаңарту бойынша 11 жобаны іске асыру. 3 іс-шара бойынша өңірлердегі жобаларды аяқтау негізінде жоспарланған көрсеткіштердің нәтижелері қалыптасады. Бұл ретте әкімдіктердің жедел мәліметтері бойынша 10 айдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен. 262 шақырым нөсер және арық желілері қалпына келтірілді, бұл жоспардың 149 пайызын құрайды. Ұлттық жобаның мақсаты – халықтың негізгі қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көлік байланысын қамтамасыз ету және көліктік-транзиттік әлеуетті арттыру арқылы азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау екендігін де назардан тыс қалдырмайық.
Сонымен қатар журналистің: «Еліміздің отын-энергетика кешені мен коммуналдық шаруашылығының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету – Үкіметтің міндеті. Қазіргі Үкімет бұл міндетін әупірімдеп, әрең атқарып отыр деуге болады. Апаттардың салдарымен күресіп, қыстың көзі қырауда еліміздің түкпір-түкпіріндегі елді мекендерді жылумен, жарықпен, сумен шұғыл қамтамасыз етуге тура келеді. Қалайша осындай жағдай қалыптасып отыр?-деген сұрағына шынайы жауап берді.
– «Жылу электр орталықтарындағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мүшкіл ахуал – көп жылғы салғырттықтың салдары. Осы саладағы түйткілдер бір күнде аяқ астынан пайда бола қалған жоқ. Оның бәрі жылдар бойы қордаланған мәселелер екені баршаға мәлім. Өңірлердегі жылу орталықтары мен басқа да құрал-жабдықтардың 80 пайызы әбден тозған. Өткен жылдарда коммуналдық шаруашылыққа салынған инвестиция бұл саланың қажетін өтеуге жеткіліксіз болды. Электр энергетикасы нысандарында болып жататын кішігірім оқиғаларды дардай қылып көрсетіп, жылумен қамтамасыз ету ісіндегі болмашы олқылықты «қасіретке айналдыруға» ұмтылатын әлеуметтік желідегі белсенділер отқа май құйып, елді дүрбелеңге салып жүр. Бүкіл Қазақстандағы инженерлік инфрақұрылымды толық жаңғырту – өте ауқымды әрі күрделі міндет. Бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатыр. Көктем-жаз айларында Үкімет пен әкімдіктер жылу маусымына дайын болу үшін біраз жұмыс жасады. Жағдайы сын көтермейтін бірқатар нысанды жөндеді. Ең алдымен, күрделі апаттардың алдын алып, үйлерге жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету керек. Бірақ жаңа қуат көздерін ашу, желілерді біртіндеп жаңарту және коммуналдық саланы түгел жаңғырту басты міндет екенін ұмытпаған жөн. Қазір жылу желілері әрең жұмыс істеп тұр. Үкімет пен әкімдіктер батыл қимылдап, қажетті шараларды дереу қолға алуы керек. Онсыз болмайды», — деп жауап берді.
Бүгінгі таңда Түркістан бойынша кәсіпорынның 2023 жылғы статистистикасы: 17000 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 15391 жұмыс істеп тұр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (100 адамға дейін) – 16370, орта заңды тұлғалар (101 ден 250 адамға дейін) – 525, ірі заңды тұлғалар (250 адамнан жоғары) – 105, оның ішінде жұмыс істейтіндер — тиісінше – 14761, 525 және 105 бірлік. Айта кететіні қызметкерлерге берілетін айлық көрсеткіші орта есеппен 240720 теңгені құрап отыр. Осы тоқсанда нақты жалақы индексі 97,2% құрады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Түркістан облысы жылыжай шаруашылықтарын дамытуда алдыңғы қатарда келеді. Жалпы республикадағы жылыжайлардың 71 пайызы облыстың үлесінде және оның жалпы аумағы 1569 гектарды құрайды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы салаға қолдауды күшейтіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Биыл қаңтар айында ауа райының күрт суып кетуінің салдарынан жылыжай шаруашылықтарында айтарлықтай мәселе туындады. Жеке жылыжай шаруашылықтары тиісті көмір қорын қалыптастырмағандықтан, қыс мезгіліне дайын болмай шықты. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, шұғыл іс-шаралар атқарылып, 591 гектар жылыжайға қыс маусымына 200,8 мың тонна көмір отыны қажеттілігі анықталып, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ы арқылы 186,7 мың тонна көмір отыны облысқа жеткізілді.
Сонымен қатар жалпы жылыжайлардың 94 пайызы фермерлік қолдан жасалған жеңіл конструкциялы жылыжайлар болғандықтан, біршама өнімдерді үсік шалды. Оның ішінде 167 тауар өндірушінің 36 гектар жылыжайы қар салмағын көтере алмай жарамсыз күйге түсті. Осылайша жеке кәсіпкерлер қаржылық шығынға ұшырады. Әкімдік тарапынан тауар өндірушілердің мүлкіне келтірілген нұқсан жөнінде акті ұсынылған жағдайда қаржы ұйымдары алдындағы берешектерінің өтеу мерзімдерін 1 жылдық мерзімге кейінге шегеру жөнінде ұсыныстар жолданады. Сондай-ақ зардап шеккен жылыжайларға қаржы ұйымдары арқылы жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылаған болатын. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу міндетін қойды. Басты мақсат – ауыл шаруашылығы субьектілерін, бизнес өкілдерін қолдай отырып, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Осыған орай, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында Түркістан өңірінде ерте пісетін көкөністерді өзге облыстар мен қалаларға экспорттауға форвардтық келісімшарт жасақтау жөнінде көшпелі жиын өтті. Осы келісім арқылы көкөністер тиімді бағада саудаланбақ.
Қазір барлық өңірлердегі жағдай қалыпты болмай тұр. Әсіресе аса суық Арқа өңіріндегі қалалар мен селолардың жайы мүшкіл. Біздің Түркістан өңірі мен Сауран ауданының ауа-райының жылы болуына байланысты құрылыс жұмыстарын тоқтатпай, жыл бойына жүргізуге болады. Біздің де басты назарымыздағы нәрселер отын-энергетика кешені мен коммуналдық шаруашылығының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Ағымдағы жылы коммуналдық сала бойынша 74 жоба әзірленуде. Оның 60-ы меморандум арқылы, қазіргі таңға 44 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сауран ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 88,9 пайызды құрайды. 36 елді мекеннің 32-і ауыз су құбырымен қамтылған. Егізқара елді мекеніне «кешенді блок модуль» қондырғысын орнатуды қажет етеді. Ойық елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы аяқталып, нысанды пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл елді мекендеріне төрт жоба әзірленіп, республикалық бюджетке – 8,3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Ал, Еңбекші Дихан, С.Қожанов елді мекендерінің жобалары, сараптамаға жолданды. Қараша айында 29 елді мекенге тозығы жеткен 68 дана су сорғылары алынып, орнатылды. Электр қуаты бойынша 32 елді мекендегі электр желілері мен бағаналары 70-ші жылдары салынып, тозығы жеткен. Қазіргі таңда, 32 жоба әзірленіп, 17 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны 5,7 млрд. теңге құрайды. Сонымен қатар, 2023 жылы бюджет есебінен 39 дана трансформатор орнатылды және 2024 жылға 20 данасын алу жоспарлануда.
АУЫЛДАР ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛУДА
Ауданның газбен қамтамасыз ету деңгейі 31,4 пайызды құрайды. Ауданда 10 елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізіліп, Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс, А.Үсенов, Шаға, Қазақстанның 30 жылдығы, Ескі Иқан жеті елді мекен табиғи газға қосылды. Үш жыл бұрын мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүргізілген үш елді мекендегі ішкі газ құбырларын екі ай көлемінде табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Ибата — 1850 абонент жеткізуші газ құбырына ауамен сығымдау және ақауын анықтау жұмыстары жүргізілуде. 44 көшенің 14 дайын. Бершінтөбе елді мекенінде 197 абонент жеткізуші және 6 ішкі көшелеріне ауамен сығымдау жұмыстары жүргізіліп, қосуға дайын. Ал, 4 көшесіндегі ақаулар қалпына келтірілуде. Ойық — 40 абонент жұмыстары басталмаған. Сонымен қатар, Оранғай, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны – 16,5 млрд. теңге құрайды. Магистральдың жоба құны – 5,6 млрд теңге тұрады. Ал, Шорнақ ауылдық округіне магистральды газ құбырына жоба әзірленіп, сараптамаға жолданды. 2024 жылы Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтеріне магистральды газ құбырына жоба әзірлеу жоспарлануда.
Сауран ауданында аудандық маңызы бар жолдар 119 шақырым және елді мекен жолдары 731 шақырымды құрайды. 2023 жылы «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында және жергілікті бюджет есебінен 28 көшеге 23 шақырым жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 87 көшенің топырақ жолына 72 шақырым тас төсеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылдың қыркүйек айына дейін 118 шақырым жолға тас төселеді.
Ауылдық жерлерге жолды асфальттандыру, топырақ тас төсеумен бірге көпірлерді жөндеу жұмыстары да қатар жүргізілуде. Қазіргі таңда 12 ауылдық округте жалпы 97 көпір бар.
Оның ішінде, 5 көпірді 2023 жылы, 2024 жылы он көпірді, 2025 жылы 24 көпірді жөндеу жоспарлануда. Жол жөндеу жұмыстарымен бірге қоғамдық көліктерді тұрақты жүргізу мәселесі қолға алынуда. Аудан тарапынан ауданішілік жолаушылар тасымалына 6 бағыт ұйымдастырылып, үш бағыт тұрақты түрде жүргізілуде. Ауданның барлық елді мекендерін абаттандырумен бірге санитарлық жағдайлары да қолға алынуда. Өткен қазан-қараша айларында алты қоқыс полигондарына қоршаулар мен қарауылханалар салынды. 74 ыстық нүктелер мен көп жылдар бойы жиналған 137 гектар бей-берекет қоқыс полигондары жойылды.
2024 жылы алты мекенде балалар ойын алаңшалары, 2 футбол алаңы мен желілік саябақ және 13 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылатын болады.
ӘКІМШІЛІК ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Ауданның әкімшілік іскерлік орталығынан 38 гектар жер бөлініп, 5 ғимараттың құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңға әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Қазіргі таңда, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полиция бөлімінің және аумақтық органдар ғимараттарының құрылыстары жүруде. Әкімшілік іскерлік орталығынан қосымша нысандардың құрылысын салуды қажет етеді. Атап айтқанда, Орталық спорт кешенінің құрылысын салуға жоба құны — 1 787,0 млн. теңге болып отыр. Әкімшілік іскерлік орталығының жолы мен аяқ жолы, көше жарық бағаналарының құрылысын салуға жоба құны — 5 млрд 798 млн. теңге қарастырылмақ. Жүргізілетін жолы мен аяқжолының ұзындығы – 6,144 шақырым, жарық бағаналары – 928 дана болады. Рәміздер және орталық алаңын салуға жоба құны – 771 млн. теңге бөлінбек. Оның жалпы аумағы 1,3 гектар болады. Сонымен қатар, 12 гектар аумаққа ауданның «Орталық саябағын», 500 келушіге арналған емхана құрылысын, 500 орындықты Мәдениет үйі мен Жастар орталығының құрылысын салуға жобалық сметалық құжаттары рәсімделуде. Сонымен қатар жеке инвестиция есебінен 300 орындық «Оқушылар сарайын» салуға «Salauatty Bala» ЖШC-і ниет білдіріп отыр. Аумағы — 1,7 гектар. Болжамдық құны – 600 млн теңге тұрады.
СЕГІЗ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ
Бүгінгі таңға ауданда 1 008 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Бюджеттік мекемелерде істейтін 358 азамат аудан орталығына өзге аудан, қалалардан келіп жұмыс жасайды. Осы азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатында аукцион өткізіліп, қорытындысы бойынша 8 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 5 мекеме анықталды.
Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.Аталған құрылыс нысандарын орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін тәулігіне 300 м³ сарқынды су тазалау имаратын салуды қажет етеді. Бұл жобаның құны – 1 млрд 039 млн. теңге тұрады. Жалпы өнімділігі – 1 тәулікте 300 м³, кәріз желісінің ұзындығы – 4175,0 метр, құрылыс аумағы – 2940,0 м². Бабайқорған елді мекенінде екі жыл көлемінде тоқтап қалған спорт зал ғимаратының құрылысы қайта жүргізілуде. Нысан бір ай көлемінде пайдалануға беріледі.
Аудандағы 21 елді мекенде 58,3% 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген. Екі елді мекенде Егізқара мен Ойықта 11,1% интернет желісі мүлде жоқ. Қазіргі таңда 7 елді мекенге тексеру жұмыстары жүргізілді. Өңірлік инспекция тарапынан тексеру жұмыстарының нәтижесінде байланыс операторларына 80 миллион теңге айыппұл салынды.
Аудан аумағында 54 тарихи-мәдени нысан бар. Ескі Сауран қалашығының аумағынан «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары басталып, ғимарат қабырғалары тұрғызылған. Қазіргі таңда құрылысы тоқтап тұр. Ескі Иқан ауылдық округіндегі «Жүсіп ата» кесенесінен «Сапар орталығы» мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫНА КӨП КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ
Ауданда аз қамтамасыз етілген және мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде көрсетілуде. 2023 жылғы 11 айдың қорытындысымен 628 отбасыға яғни 3931 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, кедейлік шегі шеңберіндегі азаматтар саны аудан халқының 3,8%-ын құрады. Көмек алған отбасылардың 1200 балаларына қосымша қаржылай төлем жасалынды. «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» еңбек бағытында ағымдағы жылы 11 айда 4567 азамат жобаға қатыстырылды. Оның ішінде, жастар практикасына — 550, ақылы қоғамдық жұмысқа — 1154, әлеуметтік жұмыс орындарына — 272, алғашқы жұмыс орындарына — 68, «Күміс жас» жобасына — 122 адам жолданды. Тұрақты жұмыспен 2287 азамат қамтылды. «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 972 азамат оқытылып, сертификат алды. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 100 азаматқа мемлекеттік грант берілді. Жастарға өз кәсіптерін ашуға 14 адам жеңілдетілген шағын несиемен қамтылды.
Аудандағы білім беру саласына үкіметтік тұрғыда үлкен қолдау көрсетілуде. Аудандағы 53 білім беру ұйымдарына 25 570 оқушы болса, оның ішінде 9 413 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Ағымдағы жылы 42 мектепке дабыл батырмасы орнатылып, жедел басқару орталығына қосылды. 28 мектепке мамандандырылған күзетпен қызмет көрсетілуде. 360 дана бейнебақылау камералары орнатылды. Сонымен қатар 10 мектептің қоршауы ауыстырылды. Сондай ақ, 700 баладан асатын 13 мектепке 52 турникет қойылды.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 2024 жылы 300 орындық бір мектеп, 600 орындық екі мектептің құрылысы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен бірге, 2025 жылы 600 орындық 2 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазіргі таңда 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Облыстық бюджет есебінен Оранғай ауылында 150 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілді. 2023 жылы 774 орынға арналған төрт жекеменшік мектеп ашылды. 2024 жылы 900 орындық бір мектеп пайдалануға беріледі.
ҚАУІПСІЗДІК ТҰРҒЫСЫНДА КЕШЕНДІ ШАРАЛАР АТҚАРЫЛУДА
Қазіргі таңда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 12 ауылдық округтерінде тиісті жұмыстар жүргізілді. Шаға және Құрсай өзеніне дейін бір шақырым дамбы көтеріліп қашыртқы қазылды. Құрсай өзенінен Бершінтөбе елді мекені арқылы аэропорт жолына дейін өзен арнасын 7,7 шақырымға кеңейту жұмыстары жүргізілді. Шаға ауылының ішінен өткен арықтарға 3,2 шақырым механикалық тазарту жұмыстары атқарылды. Ынталы елді мекенінің тау жақ беткейіне ұзындығы 500 метр бөгет жасалынды. Бабайқорған елді мекенінде орналасқан су жүретін қашыртқы арықтарды тазартып, қалпына келтірілді. Сонымен қатар, төрт елді мекенде жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Алдымызда ауданды дамыту бағытында ауқымды міндеттер тұр. Басты міндетіміз аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасатын болады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларының әрі қарай тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, жаңа кәсіпорындар ашу көзделуде. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту есебінен аудан экономикасын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар атқарылатын болады.