«АЛТЫН КҮЗ АРУЫ – 2018»

«АЛТЫН КҮЗ АРУЫ – 2018»

218 просмотров

«АЛТЫН КҮЗ АРУЫ – 2018»

Созақ ауданының 90 жылдығына орай Жуантөбе ауылдық клубында «Алтын күз аруы — 2018» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: арулардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани адамгершілікті, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, арулардың қазақ қызына тән ибалық, нәзіктік, инабаттылық қасиеттерін, қолөнерге бейімділігін байқау. Байқауға ауылдық мекемелерден 6 үміткер ару қатысты. Үміткер арулар байқау шартына сәйкес өзін өзі таныстыру, сәлемдесу: (презентация, слайд, видеоролик), қолөнер: «экебана» (өз қолымен сахнада гүл дестелерінен, жапырақтардан немесе түрлі дәнді дақылдардан жасау), өз өнері: (ән, би немесе сахналық қойылым), жарнама, ас мәзірі және сән үлгісі: (жапырақтардан, гүлдерден, т.б. өз қолымен жасаған өзінің киім үлгісін көрсетеді) бойынша сайысқа түсті. Байқау қорытындысы бойынша мектеп атынан сайысқа түскен Жанділдаева Қымбат 1-орынды, «Алуа» бөбекжай-балабақшасынан Наргиза 2-орынды, жастар маманы Сәндібекова Фариза 3-орынды иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқауға жергілікті кәсіпкер Исмайлова Ақмарал демеушілік жасады. Сонымен қатар өзге қатысушы «Ақбота» бөбекжай-балабақшасынан қатысқан Айданаға, аурухана ұжымынан қатысқан Жәудірге, «Қазпошта» атынан қатысқан Гүлшатға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *