АУДАН ӘКІМІ АСЫҚАТА КЕНТІНДЕГІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП КӨРДІ

АУДАН ӘКІМІ АСЫҚАТА КЕНТІНДЕГІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП КӨРДІ

71 просмотров

АУДАН ӘКІМІ АСЫҚАТА КЕНТІНДЕГІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП КӨРДІ

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Асықата кентінде болып, ондағы өзекті мәселелермен танысып шықты. Мән беретін ең бірінші мәселе – кенттегі тазалықты сақтау. Сондай-ақ, кент аумағындағы көше бойларын ретке келтіріп, көгалдандыру жұмыстарына көңіл бөлінгелі отыр. Сонымен қатар, кенттегі бұған дейін пайдаланылмай келген ескі нысандарды орта жөндеуден өткізу жоспарлануда. Осы мақсатта кент орталығында орналасқан 3 қабатты ғимаратты демеушілер тарапынан орта жөндеуден өткізу жұмыстары бастау алды. Аудан әкімі қайта қалпына келтіру жұмыстарын тездетіп әрі сапалы етіп аяқтауды тапсырды. «Бұдан былай Жетісай қаласы мен Асықата кентін қатар дамыту мақсатында бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынатын болады. Қала мен кенттің тыныс-тіршілігі ұқсас. Сондықтан ең бірінші кезекте қала мен кенттегі тазалық мәселесіне аса мән беруіміз қажет. Алдағы уақытта бұған дейін Жетісай қаласында орналасқан бірқатар коммуналдық мекемедерді Асықата кентіне жайғастыру жоспарда бар. Бұл өз кезегінде кент пен қаланың коммуналдық саладағы кемшін түсіп отырған тұстарды ретке келтіруге өз септігін тигізетін болады», — деді Жамантай Қанайұлы. (с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *