«АЯУЛЫ ЖАНДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫН...»

«АЯУЛЫ ЖАНДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫН…»

118 просмотров

«АЯУЛЫ ЖАНДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫН...»

Афины олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев: «АЯУЛЫ ЖАНДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫН…» Тәуелсіз мемлекетіміздің туын олимп төрінде желбіретіп, күрзі жұдырықты боксшылар арасында Вел Баркер кубогын иемденген арда ұл Бақтияр Артаев Түркістан қаласына арнайы жұмыс сапарымен келіп, «Тарлан» спорттық-сауықтыру кешенінің тыныс-тіршілігімен танысты. Осы ретте бейбіт күннің батырымен сұқбаттасудың сәті түсті. — Бақтияр Ғарифоллаұлы, бүгінгі жұмыс сапарыңыз жөнінде айтып өтсеңіз? Қазақстандық бокс федерациясының президенті Тимур Асқарұлының бастамасымен еліміздің көптеген аймақтарында «Тарлан» спорттық-сауықтыру кешендері салынған. Соның бірі осы қасиетті Түркістан қаласында бой көтергені өздеріңізге белгілі. Осы нысанның жағдайы яғни сервистік қызмет көрсетуі қалай, олқылық болып жатса түзетейік деген мақсатпен келіп отырмын. Бұл жерде қала көлемінде 350-ге жуық бала спортпен шұғылданады. Соларға мұндай қандай жағдай жасалып жатыр, жуынатын жері бар ма, медициналық көмек көрсетіле ме деген секілді мәселелерге бақылау жүргіземіз. Жалпы бұл ұжымның жұмысына оң баға беруге болады. Сонымен бірге, осындағы спорт үйірмесіне қатысушылармен де жүздестім, спортқа деген талаптары жоғары. Десе де алдағы уақытта қызмет түрлерімізді дамытып, үйірмелер санын арттыратын боламыз. — Өзіңіз де спортпен шұғылдандыңыз, сол кездер мен бүгінгі күні спортшыларға жасалған жағдайды қалай бағалайсыз? Мәселен, біздің кезімізде бос тұрған ғимарат болса жаттықтырушыларымыз жұмыстарын ыңғайы келген нысандарда жүргізетін. Мен өзім қатарларыммен көпқабатты үйдің жертөлесінде жаттығу жасаған кездерім болды. Жуынатын, киім ауыстыратын жері жоқ, жаттығуға бір киіммен келіп, сол киіммен қайтатынбыз. Спортшының денсаулығы өзіне байланысты еді. Ал, қазір мүлде басқа. Спорттық ғимараттар салынып, оның ішінде барлық жағдайлар жасалған. Жылы су, салқын су ғимаратта медициналық пункт секілді қажеттіліктер қарастырылған. Қысқасы аспан мен жердей өзгеріс бар. Заман талабына сай деген осы ғой. Кезінде жағдай болмады. — Қасиетті Түркістан қаласына келіп қалған екенсіз, қала тұрғындарына не айтасыз? Біріншіден, барша түркістандық аяулы аналар, апа-әжелеріміз бен қыз-келіншектерді алда келе жатқан 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Хан да, батыр да анадан туған деген сөз бар ғой, сол айтқандай алтын құрсақты аналарымызға амандық, бақ-береке тілеймін. Түркістан еліміздің киелі ордасы, текті ұлдарды өсірген қасиетті топырақ. Соның ішінде Бекзат ағамызды білеміз. Бұл мекеннен олимпиада чемпионы болған осы Бекзат ағамыздан кейін інілеріміз көрінбей жүр. Алдағы уақытта осы жеңісті жолды жалғайтын спортшыларды күтеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *