АҚПАН АЙЫНАН БАСТАП КЕСЕНЕ АУМАҒЫНДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛМАҚ

АҚПАН АЙЫНАН БАСТАП КЕСЕНЕ АУМАҒЫНДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛМАҚ

90 просмотров

АҚПАН АЙЫНАН БАСТАП КЕСЕНЕ АУМАҒЫНДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛМАҚ

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің қатысуымен Түркістан қаласын дамыту және құрылыс жұмыстарын қолға алу мақсатында өткен жиында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы тарихи орындарды қалпына келтіру және археологиялық қазба жұмыстары жөнінде баяндады. Қаланы түркі дүниесінің рухани астанасы ретінде таныту мен тарихи орындардың төл келбетін сақтай отырып, жандандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі Түркістан қаласындағы 88,7 гектар аумақта орналасқан ортағасырдағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи келбетін анықтауға және қалпына келтіруге арналған жобаны дайындап шыққан болатын. Осы орайда, ақпан айынан бастап аталған жұмыстар бастау алмақ. Сондай-ақ, «Жастар жылына» орай еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарының студенттері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен тарихи жаңаруға бағытталған тұста археологтармен бірлесіп жұмыстарға шақырылады,-деді министр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *