ГРЕЦИЯДА "ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ТАРИХИ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

ГРЕЦИЯДА «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ТАРИХИ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

35 просмотров

ГРЕЦИЯДА "ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ТАРИХИ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 2018 жылдың 9 — 11 қараша күндері Грецияның Салоники қаласында өтетін «Philoxenia-2018» ең ірі халықаралық көрмесіне қатысады. Айтулы шарада Қожа Ахмет Ясауидің мұралары және Түркістан өңіріндегі киелі-тарихи жерлері әлемдік жетекші туристік орталықтар назарына ұсынылады. Туристік әлеуеті дамыған алпауыт елдердің көшбасшы туристік орталықтары қатысатын шараның басты мақсаттарының бірі-қазақстандық туристік нысандар мен тарихи орындардың маңызын таныстыру, тәжірибе алмасуға бағытталған. Көрмеге қорық- музей қорынан 1871-1872 жылдары түсірілген А.Кунның фотоальбомынан туындылар және кесененің әр жылдардағы бейнелері мен Түркістанның көріністері, тайқазан, шырағдан суреттері, Қожа Ахмет Ясауи мен тайқазанның макеттері көпшілік назарына ұсынылады. Сондай-ақ, Ясауи кесенесі мен Қылует жерасты мешіті, Шығыс моншасы, Гаухар ана, Укаша ата кесенесі мен құдығы, Сауран қалашығы сынды тарихи орындардың 3D тур нұсқасы Елбасымыздың цифрландыру жүйесі негізінде дайындалып, халықаралық көрмеде алғаш рет көрсетіліп, көзілдірік арқылы таныстырылады деп күтілуде. Сонымен қатар, қорық-музейдің тарихи орындары мен музей хақында үш тілде жарық көрген буклет кітапшалары мен жәдігерлердің каталог кітаптары көрме экспозициясынан орын алмақ. Айтулы шара аясында Қазақстанның ұлттық тағамдары мен «Асық ату», «Арқан тарту» сынды ұлттық ойындары да көрсетіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *