ДИЯР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

ДИЯР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

119 просмотров

ДИЯР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында 10-15 қыркүйек аралығында бокстан республикалық турнир өтті. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі ретінде елдің сыртқы саясатының қалыптасуы үшін ерен еңбек еткен белгілі мемлекет қайраткері, Аягөз қаласының және Шығыс қазақстан облысының Құрметті азаматы Төлеутай Сүлейменовтің жүлдесіне арналған осынау турнирде Түркістан облысының атынан облыстық №4 ОРМБЖСМ спортшысы Дияр Роман өнер көрсетті. 80 келіден жоғары салмақта қолғап түйістірген жерлесіміз алғашқы кездесулерін сәтті бастады. Жартылай финалға дейін сүрінбей жеткен Дияр Роман жүлделі үшінші орынды бағындырып, қола медаль еншіледі. Облыстың намысын абыроймен қорғап жүрген шардаралық жас боксшының осынау жүлдесіне құтты болсын айта отырып, алдағы сайыстарда алтыннан алқа тағына беруіне тілектестігімізді білдіреміз. «Облыстық №4 ОРМБЖСМ» — ақпарат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *