ДҮЛЕЙ АҚЫН-ДҮЛЕЙ ЖЫР

ДҮЛЕЙ АҚЫН-ДҮЛЕЙ ЖЫР

173 просмотров

ДҮЛЕЙ АҚЫН-ДҮЛЕЙ ЖЫР

Жетісай аудандық орталық балалар кітапхансында ақын ағартушы С.Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына орай балалармен “Дүлей ақын, дүлей жыр» атты танымдық сағат өткізілді. Іс – шара Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығармашылығына тоқталып,балалық шағы, білім алу жолдары,қызметі, алдына қойған мақсатқа жету жолын үйрету. Ақын шығармалары арқылы әдеби теориялық білімдерін, өзіндік ой пікірін жүйелі жеткізуін, ойлау, салыстыру қабілеттерін дамыту, оқушыларды ұлттық патриотизмге, оқу білімнің маңызын түсіне білуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Танымдық сағатты кітапхана меңгерушісі Шоматова Назира жүргізді. №6 Б.Момышұлы мектеп гимназиясының 7 сынып оқушысы Тұрсынбек Аружан С.Торайғыровтың өмір дерегімен таныстырып өтті. Аудандық орталық балалар кітапханасының әдіскері Бекманова Гүлнар С.Торайғыров — ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлға екенін айтты. Оқушылар С.Торайғыровтың өлеңдерін оқып талдау жасады. «Секілді өмір қысқа, жарты тұтам» атты өлеңін Түктібай Аружан, «Шығамын тірі болсам адам болып» атты өлеңін Әліхан Әлия, «Шәкірт ойы» өлеңін Абдукаримова Арайлым, «Неге жасаймын?» өлеңін Тұрдалиева Әсел, «Өмірімнің уәдесі» атты өлеңін Болыс Әсел оқыды, оқушылар әр өлең оқыған кезде өлеңдерді талдап не туралы айтылғаны жайлы айтып отырды. Оқушыларға сұрақ-жауап ойыны ойнатылды, берілген сұрақтарға оқушылар жақсы жауап беріп отырды. Іс-шарамыздың соңында кітапхана библиографы Мұсабекова Гүлнар қорытындылап жақсы белсене қатысқан оқушыларды кітапхана атынан Алғыс хаттармен марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *