ЕЛIМIЗДIҢ ЕРТЕҢI ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

ЕЛIМIЗДIҢ ЕРТЕҢI ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

98 просмотров

ЕЛIМIЗДIҢ ЕРТЕҢI ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Елi үшiн қызмет етер жастардың қоршаған ортаға бейiмделуi мен қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасау ата-ана мен қоғамға артылған жауапкершiлiк. Мемлекеттiк жастар саясатының тұжырымдамасын қаламызда атқарушы орган қала әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмiне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сi болып табылады. Осы орайда аталмыш мекеменiң директоры Е.Қамбармен сұхбаттасып, қала көлемiнде жастар саясатының орындалу барысы жайлы тiлдескен болатынбыз. — Ералы Пернетайұлы, алдымен өзiңiз басқарып отырған мекеменiң қала аумағында қай уақыттан берi жұмыс атқарып келе жатқанынан бастасаңыз. Жалпы алғанда басты бағыттарыңыз қандай? — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тиiсiнше жұмыстар атқару мен жастарды кәсiпкерлiкке баулу, жастарды жұмыспен қамту үшiн жағдай жасау, қолжетiмдi және сапалы бiлiм берудi қамтамасыз ету, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, жастарға психологиялық кеңес беру сынды мәселелер бiздiң нақты бағытымыз, мақсатымыз болып табылады. Алдымен «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi 2011 жылдың тамыз айының 12 жұлдызында құрылып, жергiлiктi жерлерде жастар саясатын iске асыруда жұмыс жасап келедi. «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде аталған Заңға сүйене тиiсiнше жұмыстар мен талдаулар жүргiзiлiп отырады. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де бүгiнгi таңда 6 маман жұмыс атқаруда. 2017 жылдың 14 сәуiрiнде Бас Прокуратурада тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерi жөнiнде ҚР Президентiнiң жанындағы әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның кеңейтiлген отырысының қорытындысы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықты төмендетуге бағытталған пилоттық жобаны Оңтүстiк Қазақстан облысы аумағында жүзеге асыру тапсырылған болатын. Осыған байланысты Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 24 тамыздағы №1482 санды қаулысына сәйкес Түркiстан қаласы әкiмдiгi iшкi саясат бөлiмiнiң «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның жанынан «әлеуметтiк-психологиялық сүйемелдеу секторы» құрылды. — «Әлеуметтiк-психологиялық сүйемелдеу секторы» дедiңiз, бұл орталықтың ашылғандығынан тұрғындар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оқып-бiлген болар? Дегенмен сүйемелдеу секторы жайында нақтырақ айтып өтсеңiз? — Мекемеде заңгер, психолог, теолог және әлеуметтiк инспектор қызмет атқаруда. 2017 жылы сектордың көмегiне 37 адам жүгiндi. Басты бағыты — отбасылық кикiлжiңнiң алдын алу шаралары, психологиялық көмек беру, заң аясындағы құқықтарын түсiндiру. Дүние жүзiнде қазiргi таңда дiн мәселесi өзектi тақырып болып тұр. Терiс пиғылды радикалды ағымдар мен секталардың құрбанына айналған қаншама жан бар. Ал, ол адамдар бiр отбасының мүшесi болып саналады. Қорытындысында бұндай жағдайға түскен жан отбасының күйреуiне себепшi болады. Сондықтан жастар арасында, жалпы қоғамда «Дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу» мақсатында 2017 жылы орта арнаулы оқу орындарында және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дiң студент жастарымен кездесу өткiзiлдi. «Дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу» мақсатында «Дiн және дәстүр» атты тақырыпта А.Байтұрсынов атындағы №1, Әмiр Темiр атындағы №3 жалпы орта мектептерi, С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейiнде кездесу болып өттi. «Түркiстан-Ахмет Яссауи» орталық мешiтiнiң имамдарының қатысуымен ЖОО студенттерi және колледж жастарының қатысуымен «Дәстүрлi дiн ел бiрлiгi», «Менiң таңдауым ханафи мазһәбы» атты тақырыпта кездесу, дөңгелек үстелдер өткiзiлдi. — Жастар саясатын жүргiзуде жастардың бойына ұлтжандылық пен отансүйгiштiк қасиеттердi сiңiру үшiн сiздердiң тараптарыңыздан қандай iс-шаралар атқарылып жатыр? — Жастардың бос уақыттарын тиiмдi пайдалануы мен отансүйгiш қасиетiн арттыру мақсатында тағылымды шараларды жастар арасында насихатталудың маңызы орасан. Соның көрiнiсi кеңес әскерiнiң Ауған жерiнен бiр жола тастап шыққанына 29 жыл толуына орай, Ауған соғысы ардагерлерiмен «Ерлiкке тағзым» атты кездесу iс-шарасы, «Цифрлық Қазақстан — жаңа жаһандық болмысқа бастар жол» атты «оnline» жүйесiнде республикалық ғылыми-зерттеу конференциясы, Ұлы Отан соғыс ардагерлерiнiң үйлерiне әскери-техникалық оқу орнының жастарымен қолқабыс ету мақсатында «Ардагерлердi ардақтайық!» акциясы, Түркiстан қаласының көрнектi және де қасиеттi, тарихи жерлерiне экскурсия, «Түркiстан — түркi әлемiнiң мәдени астанасы» атты тақырып аясында орта арнаулы оқу орындары арасында туризм тәсiлдерi бойынша туристiк жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жастар мен жасөспiрiмдердiң арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала аумағында және ауылдық округтердiң оқушыларымен «Қылмыссыз болашақ» тақырыбында семинар-тренинг өткiзiлдi. Алдағы уақытта алға қойған iс-шаралар мен жұмыстарымыз өте көп. Әрине барлығы жастардың рухани серпiлiс алуы мен болашaққа деген сенiмiне селкеу түсiрмеу үшiн жасалатын болады. Ел ертеңi жастардың қолында екенiне ешкiмде шүбә келтiрмейдi. — Ал, мүмкiндiгi шектеулi жандармен нендей жұмыстар атқарудасыздар? Қамкөңiл балаларға қаншалықты көңiл бөлiнуде? — Бiзде бекiтiлген жоспарға сай мүмкiндiгi шектеулi жастармен жұмыс жасау да жолға қойылған. Өмiрге деген көзқарасы ерекше өмiрсүйгiш жандар арасында «Көкейдегi бар әлем» жобасы аясында «Жүрегiм толы мейiрiм» атты қайырымдылық акциясы, салауатты өмiр салтын насихаттау және өмiрге деген құштарлығын арттыру мақсатында спорттық сайыстар (тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат) ұйымдастырылды. Қаламыздың ерiктi жастарымен бiрге мүмкiндiгi шектеулi жасөспiрiмдерге мектепке қажеттi оқу құралдары сыйға берiлiп, «Арманың орындалады балапан» атты тақырыпта салтанатты кеш ұйымдастырылды. — «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының кезектi IV съезiне қатысып келдiңiз. Жасотандықтардың алқалы жиыны жөнiнде не айтарыңыз бар, қандай ой түйдiңiз? — «Жас Отан» жастар қанатының кезектi IV съезi екi күнге созылды. «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан», «Қазақстанда жасалған» тақырыптарында сессиялар өткiзiлiп, белгiлi спикерлер жастармен кездесу өткiздi. «Жаңа әлемге жол саламын» гала-форумында Елбасының биылғы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты жолдауы мен «Бес әлеуметтiк бастамасы» талқыланды. Басқосуға әр салада үздiк атанып жүрген 600 делегат пен 1500-ге тарта идеяшыл жастар қатысты. «Жас Отан» жастар қанатының орталық кеңесiне мүше болуға үмiткерлердi онлайн арқылы сайлаудан 16 үмiткер кеңеске мүше болды. Бұл шараның ерекшелiгi онлайн тiкелей эфирде Қазақстаннан бөлек әлемнiң бiрнеше мемлекеттерiнiң жастары көрiп отырды. — Әңгiмеңiзге рахмет! Сұхбаттасқан: Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *