ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

109 просмотров

ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты Шардарада алғашқы іс-шаралар басталып кетті. Аудан әкімінің ұсынысы негізінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жастар арасында «Қыс – 2019» марафоны өткізілді. 29 жасқа дейін мемлекеттік қызметкерлер мен мектеп жасындағы жасөспірімдер тартылған марафон «Абай» Мәдениет үйінің алдынан бастау алды. Қала мен ауылдық округтерден қатысқан 500-ге тарта жастар Абай көшесі мен Төлеби көшесі арқылы жүгіріп өтіп, Орталық стадиондағы мәреге жетті. Марафон аяқталған соң аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев көп алдында сөз алып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен «Жастар жылы» аясында жүзеге асатын жоспарларды айтып өтті. Мұнан соң марафонға белсене қатысып, жүзден жүйрік шыққан желаяқтарды марапаттау рәсімі болды. Жасөспірім ұлдар арасында мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ғани Маман І орынды, «Жаушықұм» мектеп-лицейінің оқушысы Мұқтархан Қарымсақ ІІ орынды, М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сергей Чельтенов ІІІ орынды иеленсе, қыздар арасында М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Динара Мәмбетназарова І орынды, осы мектептің тағы бір оқушысы Диана Шаммасова ІІ орынды, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Әсел Құдайберген ІІІ орынды иеленді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Жұмасұлтан Бердешов І орынды, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы Нұрқанат Кеңесов ІІ орынды, аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Ермек Бердібеков ІІІ орынды иеленді. Оларға дипломдар мен сый-сияпаттарды Бауыржан Қуанышбайұлы салтанатты түрде табыстады. Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *