ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «АЛТЫН КҮЗ» ТУРИСТІК КӨПСАЙЫС ӨТТІ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «АЛТЫН КҮЗ» ТУРИСТІК КӨПСАЙЫС ӨТТІ

55 просмотров

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «АЛТЫН КҮЗ» ТУРИСТІК КӨПСАЙЫС ӨТТІ

Жетісай қаласындағы орталық саябақта аудандық «Жастар ресурстық» және балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтарының ұйытқы болуымен «Алтын күз» туристік көпсайыс өтті. Шараның ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, аудандық «Жастар ресурстық» орталығының директоры Мұхтар Бейсенбаев, аудандық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Тұрсынбай Мырзалиев және БАҚ өкілдері қатысты. Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков аталған сайыстың Елбасы Жолдауын қолдау мақсатында іске асырылып отырғанына тоқталды. «Туристік көпсайыстың мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық туризм тәсілдерін насихаттап, жас туристердің ептілік, дағдыларын шыңдау. Спорттық шараға 9 білім ұясының оқушылары мен 2 орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысып, 5 негізгі тақырып бойынша өзара бақ сынайды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар тарту ететін боламыз», — дейді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі – Жетісай аудандық «Жастар ресурстық» орталығының директоры Мұхтар Бейсенбаев. Сайыс өте тартысты басталды. Қатысушылар топтық жарыс, үй тапсырмасын орындау, жергілікті жерді бағдарлау, туристік ән, туристік тұрмыс талаптары бойынша жарыс көрігін қыздырды. (с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі Суретті түсірген Қуаныш Әуелбеков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *