ЖЕТІСАЙ: МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ДҮКЕН

ЖЕТІСАЙ: МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ДҮКЕН

118 просмотров

ЖЕТІСАЙ: МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ДҮКЕН

Түркістан облысы Жетісай ауданында аудан әкімінің бастамасымен және Жетісай аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің ұйытқы болуымен «Мейірім-Шапағат» қайырымдылық дүкені өз жұмысын бастаған болатын. Бұл дүкенді ашудағы мақсат – өздерінің әлеуметтік жағдайын тіктей алмай жүрген жергілікті халыққа көмек көрсету. Дүкенде тұрғындарға тегін киім-кешек үлестірліп, мүмкіндігінше қосымша азық-түлік беріледі. Әлеуметтік дүкенге ауданның жомарт жандары мен кәсіпкерлері демеушілік жасап келеді. Осыдан 1 жыл бұрын, яғни, өткен жылдың ақпанында облыс бойынша ең алғаш боп ашылған қайырымдылық дүкені күні бүгінге дейін 1500-ге тарта әлеуметтік қолдауды қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар және көпбалалы отбасыларға көмек берген. «Тағдырдың тауқыметі мен өмірдің ащы тұздығын татып, қоршаған ортадан, иманжүзді азаматтардан мейірім шуағын, жан жылуын күтетін қоғамның әлсіз бөлігі саналатын мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін ауданның кез-келген азаматына көмек береміз. Дүкеніміз аптаның сенбі-жексенбі кұндерінен басқа барлық күндерінде таңертеңгі 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді», – дейді Жетісай аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов. Айта кетерлігі, «Мейірім-Шапағат» қайырымдылық дүкені Жетісай қаласында Жетісай Аудандық Ішкі Істер бөліміне қарама-қарсы орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *