ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

90 просмотров

ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына ағымдағы жылдың 5 қазан күні арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау жөніндегі Түркістан облыстық ақпараттық насихаттық топ бүгін Түлкібас ауданы, Балықты ауылдық мәдениет үйінде халықпен, Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша кездесу өткізді. Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері: Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, топ жетекшісінің орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлкеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты Анарбаев Қайрат Сапарханұлы, облыстық білім басқармасының басшысы Сағындықов Исатай Өмірзақұлы, Түркістан облысы әкімдігінің қоғамдық келісім мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бөлім басшысы, саясаттанушы Жаринов Владимир Викторович Жолдаудың басым бағыттарын талдап, жиналған қауымға егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Жиын барысында жарыссөзге жазылып, өз пікірін білдірген Түлкібас ауданы мамандандырылған туберкулезге қарсы Балықты санаториясының бас дәрігері Байдеуов Жамалбек Тілеуұлы мен Рыбалко жалпы орта мектебінің мұғалімі Хадиша Айымбетова ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы Жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор екендігіне тоқталып өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *