ЖОЛДАУ ЖАҢА МАҚСАТТАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

ЖОЛДАУ ЖАҢА МАҚСАТТАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

70 просмотров

ЖОЛДАУ ЖАҢА МАҚСАТТАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

Жылдағы дәстүр бойынша Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бектаев Әли Әбдікерімұлы мен Бейсенбаев Асқар Асанұлы Түлкібас ауданында арнайы сапармен болып, жергілікті зиялы қауыммен жүздесті. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ, поселке әкімдері, дербес бөлім басшылары, шаруа қожалықтарының төрағалары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, аудан тұрғындары және білім, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысы. Жиын барысында халық қалаулылары ағымдағы жылдың басты құжаты саналатын Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарына жеке-жеке тоқталып, маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ жарыссөзге шыққан аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Анашев Қалаубек Анашұлы, «Бес жал» ӨК төрағасы Сапаров Әбдімүтәліп Мүсілімұлы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығының» белсендісі, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары аумақтық штабының жетекшісі Жолбасханов Ислам Тәліпұлы жолдауда айтылған жаңалықтарды ерекше ықыласпен қабыл алғандарын айта отырып, осы құжаттың арқасында ел халқының әл-ауқаты біршама жақсарып, болашаққа нық қадам басуға талпыныс беретінін тілге тиек етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *