ИСМЕТУЛЛА ЯСАУИ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА

ИСМЕТУЛЛА ЯСАУИ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА

85 просмотров

ИСМЕТУЛЛА ЯСАУИ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА

Ыстамбұл қаласынан келген тарихшы-ғалым, Қожа Ахмет Ясауидің 27-ші ұрпағы, «Yesevi Ocakları» журналының бас редакторы, «Яссы» қорының президенті Исметулла Ясауи Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаевпен кездесті. Əңгіме барысында Қожа Ахмет Ясауи мұраларын насихаттау мақсатындағы жоспарланған жұмыстар талқыланды. Исметулла Ясауи Халықаралық «Яссы» қорымен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдіріп, екі елдің мәдени-рухани қарым-қатынасын нығайтуға үлес қосатынын жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін айтты. «Түркістан қаласы — түркі халықтары үшін қасиетті мекен. Менің Отаным – Қазақстан. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи мұраларын насихаттау жұмыстарының барлығына атсалысуға дайынмын», – деді Яссы қорының президенті Исметулла Ясауи. Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабының қолжазбасын өткен күзде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне табысталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *