МАҚТА ЗАУЫТТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

МАҚТА ЗАУЫТТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

92 просмотров

МАҚТА ЗАУЫТТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жетісай ауданы әкімдігінде мақта бағасын нақтылау және тұрақтандыру мақсатында арнайы жиын өтті. Жиынға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, Жетісай аудандық мәслихатының хатшысы Әлихан Утанов, Мақтаарал аудандық мәслихатының хатшысы Қадыр Сәрсекбаев, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы-мақта инспекторы Тайжан Мырзазия және Мырзашөл өңірінде жұмыс істеп тұрған 11 мақта өңдеу зауытының басшылары қатысты. Талқылау барысында биылғы күзгі мақта теру науқанының барысы, мақта қабылдау бекеттерінің бүгінгі жай-күйі, ақ алтын бағасы сөз болды. Жиында сөз алған Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мақта бағасын көтеру әрі нақтылау мәселесінде зауыт басшыларын ортақ шешімге келуге шақырды. Бұл шешім шаруаларға да тиімді болуы керек. Сондай-ақ, аудан басшысы мақта қабылдау бекеттерін талапқа сай жұмыс істеуге, күзгі жиын-терімді тиімді ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» деген қағиданы ұстанған зауыт басшылары алдағы бірер күнде баға мәселесін ақылдасып, шаруаға да, зауытқа да тиімді ортақ баға белгілеуге өзара келісім жасауға уағдаласты. © Жетісай Ауданы Әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *