ОТЫРАР АУДАНЫНДА «БАТАГӨЙ ҚАРИЯ » БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА «БАТАГӨЙ ҚАРИЯ » БАЙҚАУЫ ӨТТІ

112 просмотров

ОТЫРАР АУДАНЫНДА «БАТАГӨЙ ҚАРИЯ » БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30 қазан күні аудандық мәдениет сарайында Елбасымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы аясында қазыналы қарттарымыздың үлгі -өнегесін жастарға насихаттау мақсатында аудандық «Батагөй қария»байқауы болып өтті. Байқауға 13 ауыл округінен 14 қария қатысып бақ сынады. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі қарттарымыздың даналығымен беріліп, сол арқылы ұлт пен келешек ұрпақ бойына ұлттық құнды қасиетімізді қалыптастыру мақсатында өткізілген байқауға аудандық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Жаңабай Сатыбалды, аудандық «Шуақты аналар»қоғамдық бірлестігінің төрайымы Байжұман Қалдан Спабекқызы, аудандық әдебиет және өнер бірлестігінің төрағасы Қыдыр Сағындық қазылық етті. Қазылардың шешімі бойынша байқаудың бас жүлдесін Шілік а/о Биімбет Шайман Асанұлы қанжығаласа, І-орынды Балтакөл а/о Алтыбаев Бектемір , ІІ-орын Қоғам а/о Бейсе Ержігіт Ташұлы, ІІІ-орын Шәуілдір а/о Айжарықов Шайырбек, ІІІ-орын Ақтөбе а/о Ерсұлтанов Асан, «Абыз қария» номинациясымен Маяқұм а/о Рахимов Алтынбек, «Қазыналы қария» номинациясымен Көксарай а/о Қайымов Сәуірхан Қайымұлы, «Данагөй қария» номинациясымен Отырар а/о Жұмаш Ілес марапатталды. Байқауға қатысқан барлық қарияларға алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *