ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

43 просмотров

ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті ХХХV есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияның күн тәртібінде ҚР Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан xалқына арнаған Жолдауын насиxаттау, облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстарының есебі, Саяси кеңес құрамын сайлау, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының құрамын сайлау туралы мәселелер қаралды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашқан кезекті конференцияға «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев арнайы қатысты. Партияның ХХХV есеп беру-сайлау конференциясына аудан әкімі, партияның аудандық филиал төрағасы Ерлан Айтаханов бастаған отырарлық делегация қатысты. Конференцияда денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің атынан отырарлық Абзал Сәрсенбаев жарыссөзге шығып, пікірін білдірді. Абзал Болатұлы Елбасының сындарлы саясатын қолдай отырып, жастарды Жолдауды қолдауға және бағдарлы болашақ үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *