САЛТ-ДӘСТҮР НАСИХАТТАЛДЫ

САЛТ-ДӘСТҮР НАСИХАТТАЛДЫ

68 просмотров

САЛТ-ДӘСТҮР НАСИХАТТАЛДЫ

Кентау қалалық Жастар орталығында «Бейбітшілік пен келісім – Қазақстанның таңдауы» тақырыбында фестиваль өтті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде «Шаңырақ шаттығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараның басты мақсаты қазақ тілін, салт дәстүрін насихаттау және жастардың санасына сіңіру болып табылды. Қаладағы және қалаға қарасты ауылдардағы мектеп оқушылары мен жас мамандар және жоғары оқу орындарының студенттері фестивальге өте жоғары белсенділікпен қатысты. Бірінші кезеңде «Бейбітшілік пен келісім – Қазақстанның таңдауы» тақырыбында әр ұлт өкілдерінің салт – дәстүрлерін дәріптей отырып, қазақтың халық әндерін орындап, мың бұрала би биледі. Ал, екінші кезеңде қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрін насихаттау мақсатында топ-топ болып көрініс көрсетті. Әділ қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары аныталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *