СПОРТ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!

СПОРТ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!

114 просмотров

СПОРТ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!

Қай мемлкеттің болмасын ең басты байлығы ол – халқы. Сол халықтың салауатты өмір сүруі үшін, ең бірінші байлығы денсаулығы болса, денсаулықтың негізі – спорт екені бегілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында салауатты өмір салтын сақтауды насихаттап, алдағы уақытта халықтың кемінде отыз пайызы спортпен шұғылдануы керектігін міндеттеп келеді. Бүгін ауданымызда бұқаралық спортты дамыту мақсатында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мерекесіне арналған ардагерлер мен жастар арасындағы спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Шараның негізгі мақсаты аудан тұрғындары арасындағы спорт үздіктерін анықтаумен қатар салауатты өмір салтын насихаттауға, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге, денешынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын арттыруға бағытталған. Спартакиаданың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде: «Бүгінде ауданымызда спортпен шұғылданатын азаматтардың саны артып келеді. Бұл Елбасымыздың спорт саласына ерекше көңіл бөлуінің арқасында болып жатқан жетістіктеріміз деп білемін. Қазірдің өзінде Шілік, Ақтөбе, Темір, Шәуілдір, Көксарай, Маяқұм ауыл округтерінде салынған ашық спорт алаңдары халық игілігі үшін қызмет етіп келеді. Айта кету керек бұл алаңшалардың барлығы да Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жер» бағларламасын жүзеге асыру аясында жергілікті жердегі өз кәсібін дөңгелетіп отырған жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асуда. Алдағы уақытта да мұндай ілкімді істер жалғасын табатын болады. Бүгінгі сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін!»-деді. Мұнан соң спортшылар командаларға бөлініп, жастар кіші футболдан, ардагерлер волейболдан тартысқа толы сайысты бастап кетті. Естеріңізге сала кетейік, қараша және желтоқсан айларында барлық ауыл округтері бойынша өтетін спартакида ардагерлер арасында спорттың армрестлинг, баскетбол, тоғызқұмалық, шағын футбол, шахмат, дойбы, волейбол, үстел теннисі секілді түрлері бойынша өтсе, жастар армрестлинг, баскетбол, үстел теннисі, волейбол, жеңіл атлетика, тоғызқұмалық, шағын футбол, шахмат, дойбы, футбол ойындары бойынша бақтарын сынайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *