ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ МҰРАЛАРДЫ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ МҰРАЛАРДЫ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТУДЕ

96 просмотров

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ МҰРАЛАРДЫ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТУДЕ

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен кеңінен танытуды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» деген тақырыпта көшпелі отырысы өтуде. Отырыс жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы мен қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, қоғам, мәдениет, археология ұйымдарының өкілдері, сарапшылар, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің және Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысуда. Отырыс шеңберінде тарихи-мәдени мұраны қорғау мен кеңінен танытуды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері мен «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары талқылануда.. Қазақстанда 25 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра объектілері бар. Оның 11 мыңға жуығына тиімді пайдалануды, ұтымды басқаруды және оларды сақтау мен қорғау бойынша заң, әкімшілік шараларды қамтамасыз етуді талап ететін жалпыұлттық мәдени байлық болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесі берілген. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Б.Б.Мамраев жүргізген осы отырыста Түркістан облысының әкімі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі А.Р. Райымқұлова, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, академик Б.Ә.Байтанаев, археолог, тарих ғылымдарының докторы З.С. Самашев, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директоры Н. Қ. Ахметжанов, археолог, тарих ғылымдарының докторы В.Ф.Зайберт, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице президенті, профессор Женгиз Томар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, аталған заң жобалары бойынша жұмыс тобының жетекшісі С. Абдрахманов сөз сөйледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *