ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

118 просмотров

ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Елбасының 2018 жылдың 19-маусымдағы №702 Жарлығымен облыстың орталығы болған Түркістан қаласында кейбір қызмет түрлері мен тауар бағаларында өсім орын алды. Осыған орай қала әкімдігінің белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қаладағы әмбебап сауда орталықтары мен сауда базарларындағы бағаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Азық-түлік тауарлардың 19 түрі бойынша «Алтын бұлақ» және бөлшек сауда бағалар бойынша «Қуаныш» базары және «Дәулет», «Шапағат», «Береке», «Байтерек», «Дастархан», «Жібек жолы» супермаркеттердің басшыларымен 2018 жылдың басында бағаларды тұрақтандыру жөнінде 8 меморандум және азық-түлік тауарлардың сатылымын ұйымдастыру жөнінде супермаркеттермен 6 келісім-шарт жасалды. Одан бөлек бағаларды тұрақтандыру үшін Түркістан қаласының әкімдігі облыстық тұрақтандыру қорымен бірлесіп, қалада 10 нүктеде әлеуметтік дүкендер ұйымдастырған. Олар Отырар мөлтек ауданы, І және ІІ мөлтек аудан, Жібек жолы көшесінің бойында және Бекзат пен Сауран мөлтек аудандары, Әл-фараби мен Жарылқапов көшелердің қиылысында, Яссы мөлтек ауданы (Тұран ауылы), Ремзауыт ауданы, № 19 орта мектеп жанында орналасқан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *