ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА "АЛТЫН КҮЗ" МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

108 просмотров

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА "АЛТЫН КҮЗ" МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысының Төлеби ауданындағы «Алтын күз» мерекесі ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінен бастау алды. Шара аясында ауданға қарасты әрбір округте өндірілген өнімдермен безендірілген жүк көлікпен ауылшаруашылық озаттары бастаған сала мамандарының мерекелік шеруі өтті. Төлеби ауданының әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы аудан халқын айтулы шарамен құттықтап, егін шаруашылығы бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізген дихандар мен ауыл шаурашылығы өндірістік кооперативтері басшылары, малшаруашылығы озаттарын алғыс хат және арнайы сыйлықтармен марапаттады. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы ауыл шаруашылығы саласының дамуына еселі үлес қосқан ауыл әкімдері мен мекеме қызметкерлеріне облыс басшысының алғыс хатын табыс етті. Салтанатты шарадан кейін орталық алаңда спорттың үш түрінен қалалық біріншілік ұйымдастырылып қазақша күрес, қошқар көтеру және қол күрес сайыстары өтіп жиналған қауымға мерекелік көніл күй сыйлаған күн болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *