ШИЕЛІДЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

97 просмотров

ШИЕЛІДЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

Шиелі ауданында «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Астана-Тәуелсіздік тірегі» атты велошеру өтті. Аталған шараға 100-ден астам аудан жастары қатысты. Велошеру Шиелі кенті, Яссауй көшесінен басталып, аудандық М.Шоқай орталық алаңына дейін жалғасты. Айта кетейік, спорттық шеруге Астана күніне тарту жасағысы келген кез-келген адамның қатысуына жағдай жасалған. Сондықтан олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, спортшылар мен мектеп жасындағы балалар да бар. Басты мақсат — Астана қаласының 20 жылдығына ерекше тарту жасай отырып, салауатты өмір салтын дәріптеу. Аудан басшысы Әшім Оразбекұлы шерудің қорытынды шарасында аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, Шиелі ауданы, Алғабас ауылының тумасы, қазақ күресінен Қазақстан біріншіліктері мен турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, 2018 жылы 19- 22 маусым аралығында Қостанай қаласында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында І орынды иеленген спорт шебері атанған Советов Рахат Мақсатұлын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 23-маусым — Мемлекеттік қызметші күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық кіші футболдан өткізілген жарыста І орынды иеленген Шиелі ауданының командасын арнайы сертификаттармен марапаттады. Шараның басы-қасында жүргендер, мұны дәстүрге айналдырып, оның ауқымын жыл өткен сайын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *