ШУАҚТЫ ӨЛКЕ - ШЫҢҒЫРЛАУ

ШУАҚТЫ ӨЛКЕ — ШЫҢҒЫРЛАУ

211 просмотров

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған «Атамекен» кіші бағдарламасы және «Туған жерге тағзым» жобасының аясында, Шыңғырлау ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай, аудандық орталық кітапханада іс-шаралар жоспарланып атқарылуда. Соның бірі қыркүйектің 20 күні оздырылған, туған жерге арналған шарамыз «Шуақты өлке — Шыңғырлау» — атты элегия кеші. Бұл шара аудандық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе ұйымдастырылды. Элегия кешін ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық музейінің қызметкері Қаршыға Асуұлы кітапханашы Толқын Үмбетәлиева, Жанаргүл Молдағалиевамен бірге жүргізді. Шараға қатысушыларды музейдің «Табиғат», «Тарих», «Рухани жаңғыру» бөлімдерімен таныстырып, сол бөлімдерге сәйкес ақындарымыздың өлеңдері оқылды. Кешімізге жерлес ақындар – Нұрбай Қазымов, Темірғали Жантасов, Сағидоқас Жұмашев, Самат Байболатов қатыстып, ауданымыздың мерейтойымен құттықтап, жастарға тілектерін айтып, арнауларын оқып берді. Элегия кешіне мәдениет үйінің «Жас толқын» көркемсөз үйірмесінің оқушылары, Шилі және Шыңғырлау мектептерінің оқушылары қатысып, ауданымыздың ақындарының туған өлкемізге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Сансызбай Сұлтанғалиев Табылды Досымовтың «Шыңғырлаудағы шырайлым» және сөзі Адақ Шотпановтың, әні Тілекқали Мықтыбаевтың «Шыңғырлауым – сәнді өлкем» атты әндерін әсем орындады. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Толқын Үмбетәлиева

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *