Құрметті түркістандықтар, салауатты өмір салтын ұстанушылар!

Құрметті түркістандықтар, салауатты өмір салтын ұстанушылар!

19 просмотров

Құрметті түркістандықтар, салауатты өмір салтын ұстанушылар!

Сіздерді, бүгінгі Спорт күнімен құттықтаймын!

Спорт саласы біздің елімізде айрықша орын алады. Бұл сала арқылы Көк байрағымыз желбіреп, мәртебеміз артып, мерейіміздің тасып жататыны да бар.

Спорт — біздің бәсегеке қабілетті ел болуымыздың бірден бір кепілі. Сондықтан, біздің рухани шаһарымызда да бұл сала тоқтап қалмайды. Осы мақсатта салынған, Түркістан қаласында 194 спорт нысаны, оның ішінде: 2 стадион, 5 спорт кешені, 133 спорт ойын алаңы, 7 теннис корты, 4 жүзу бассейні, 43 спорт залы бар. Әлі де іске асып, пайдалануға берілетіні қаншама, оның барлығы да жоспарда.

Шаһарымызда бұл бағыттың серпін алып, дамуына, киелі мекеннің атын шығаруға Дидар, Назым, Бек, Таңжұлдыз сынды қаншама жастарымыз үлес қосып жүр. Және оларға да қарап өсіп келе жатқан балаларымыз да бар. Әлі де олардың алар асулары көп екеніне сенімдімін.

Ендеше, мерейлі күнде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, толағай табыс тілеймін! Спорт күні құтты болсын!

Құрметпен, Рашид АЮПОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *