Кентауға әлеуметтік және коммерциялық заманауи нысандар мен демалыс орындарын салу жоспарланған

38 просмотров

Бас жоспарда қаланың ескі бөлігін ретке келтіріп, инвесторларды тарту арқылы жаңа аумақтарда туристік, әлеуметтік және коммерциялық заманауи нысандар мен демалыс орындарын салу жоспарланған. Туризм саласын дамыта жаңа жұмыс орындарын ашу үшін біршама жұмыстарды атқару қарастырылған. Ауқымды жобаларды іске асыру арқылы қаланың тұрмыс-тіршілік деңгейін арттыра оң имиджін қалыптастыра отырып, ішкі және сыртқы туризмді дамыту көзделген. Қаланың жаңа логотипі сыртқы туризмді дамытуда оң әсері болады деп күтілуде. Кентау ғимараттары терезелерінің басым бөлігінде әлі күнге дейін сақталған геометриялық сызықтар қолданылған заманауи логотипте қала атауы көпшілікке түсінікті болуы үшін латын әріптерімен жазылған.
Кентау қаласы маслихатының 29-шы сессиясы өткен болатын. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Соның бірі Кентау қаласының жаңа бас жоспарын бекіту болатын. Қалалық мәслихат депутаттары бас жоспармен танысып, бір ауыздан қолдау көрсетті. Кентаудың жаңа бағытта даму дәуірі бастау алатын жоспар ресми түрде бекітілді.
Бас жоспарға сәйкес Кентау қаласын дамыту төрт ірі аумақты қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Ең бастысы — бірінші аумақ, яғни қазіргі қаланың аумағы. Бұл жерде ескірген коммуналдық жүйелерді жаңарту, ғимараттарды кешенді жөндеуден өткізу, жол жөндеу жұмыстарын атқару, көше бойларын заманауи талаптарға сай өзгерту, экологиялық тұрғыда зияны аз жаңа жүйелер мен жобаларды атқару көзделген. Бұнымен қатар, қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында бейнекамера санын арттыру, көгалдандыру және демалыс орындарын жаңғырту, бала ойын алаңшалары мен спортпен шұғылдану аймақтарын салу жоспарланған.
Биыл бастау алуы мақсатында қарқынды жұмыстар атқарылып жатқан аумақ – 2 ші аумақ, яғни суқоймасының солтүстік-батыс жағалау бойы. Аталмыш аумақта көпқабатты тұрғын үйлер мен шағын жер үйлер; емхана, мектеп және балабақшалар, мұражай мен мешіт, бизнес және сауда орталықтары, демалыс орындары мен спорт кешені, және басқа да көптеген нысандардың бойы көтеруі жоспарланған. Қызығушылық танытқан әлеуетті инвесторлармен келіссөз жүргізу нәтижесінде, қыс түспей, көпқабатты тұрғын үйлер, мешіт, коммерциялық нысандар және ерекше көпқабатты бизнес-тұрғын үй кешенінің құрылысы басталады деп күтілуде.
Жалпы тұрғын үй қоры 1506,4 мың шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй құрылысы жеке меншікті ауласы бар үй-жай, 3 қабаттан 12 қабатка дейінгі көппәтерлі құрылыспен ұсынылған.
Жалпы пәтер саны – 24148. Оның ішінде жеке меншікті ауласы бар тұрғын үй (ИЖС) саны – 631үй.
Осы аумақта болашақта экономикалық-демографиялық санақтарға сәйкес орташа есеппен 59мың адам тұрады деп болжамдалуда. Адам басына шаққанда тұрғын шаршы метрмен қамтамасыз ету көрсеткіші – 25,5м2.
Теңдессіз дизайнда салынған мешіт пен сауда-ойын кешені қала қонақтарының санын арттырып, нысандар маңайындағы кішігірім кәсіпкерлікті дамыту арқылы жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартады деп күтілуде.
Үшінші және төртінші аумақтардың өзіндік стилистикалық ерекшелігі айқындалып, соған сәйкес дамиды. Салауатты өмір салтына басымдылық беру және кедергісіз кеңістік қалыптастыру тұжырымдамаларын іске асыра, тарихымыз бен мәдениетімізді дәріптеуде заманауи және дүниежүзілік тәжірибені қолдану қарастырылған. Сан түрлі, әлеуметтік маңызы жоғары, жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігін арттыратын нысандардың құрылысы жұмыстары бойынша тиісті жұмыстар басталды.
Қаламыздың әлеуеті таныстырылып, инвесторлар және басқа да ірі кәсіпкерлермен келіссөз жүргізілуде. Жобалық аумақта тұрғын үйлермен қатар, тұрғындардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету мақсатында, Ауысымына емханаға көрінушілер саны 1500-дік емхана, 300 төсек орынды аурухана, аумағы 16га болатын университет, тағы сол секілді нысандар бой көтермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.