ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ - ІНДЕТТЕН АРЫЛУДЫҢ БІР ЖОЛЫ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ — ІНДЕТТЕН АРЫЛУДЫҢ БІР ЖОЛЫ

72 просмотров

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ - ІНДЕТТЕН АРЫЛУДЫҢ БІР ЖОЛЫ

Биыл еліміздегі жағдайға байланысты жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтықтан оқу арқылы бастағалы отырмыз. Әрине бұл шешім барлық оқушылар мен ұстаздардың денсаулығы үшін өте маңызды. Себебі көпшілік халық жиналатын қоғамдық орындардың бірі — мектеп. Алайда мектеп оқушыларында мектеп пен ұстаздарына және сыныптастарына деген үлкен сағыныш болуы мүмкін. Мәселен, мен секілді келер жылы мектеп бітірер жас түлектер үшін өте бір қимастық сезімі білінеді. Ал, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушылар және олардың ата-аналары үшін өте үлкен жауапкершілік керек.
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов «елімізде болып жатқан ахуалға қарамастан, мұндай өзгешеліктер оқушылардың білім сапасына өз залалын тигізбеуі, есесіне жаңа мүмкіндіктер ашуы тиіс. Сол үшін әр пәнді үйде отырып оқуда ең тиімді және жаңашыл жолдары қарастырылуы маңызды» деп мәлім еткен болатын. Яғни біз сабақтарды арнайы жергілікті телеарналарда мұғалімдердің бейнесабақтары арқылы және Youtube желісіндегі тәжірибелі ұстаздардың сабақтарын көріп оқи аламыз. Сонымен қатар, кейбір сабақтар ZOOM, Google Classroom, EduPage, Daryn Online секілді бағдарламалармен өткізіледі. Сондықтан қала әкімі тұрмысы төмен отбасыдағы оқушыларды техникамен қамтамасыз етпек. Яғни көпбалалы отбасылар үшін карантин кезінде ыстық тамақ, киім-кешектен үнемделген қаржыға планшет, ноутбук, смартфон секілді техникалар тұрмысы төмен оқушылар үшін қашықтықтан оқуда ешқандай қиындық болмас үшін әперілмек. Биыл 1-11 сыныпқа 44000-нан астам оқушы келер болса, оның 22000-ға жуығы, яғни 9000-нан астам отбасын техникамен қамтамасыз ету жоспарланған.
Бұл өте дұрыс іс. Себебі оқушылардың білім алуына ешқандай кедергі болмау керек. Қорытындылай келе «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші біз, яғни оқушылар, қолымыздан келгенше сыртқа шықпауға, сыртқа шығатын болсақ сақтық шараларды сақтауға тырысайық. Ата-анамыз бен бауырларымыздың және өзіміздің денсаулығымызды ойлайық. Еліміздің жарқын болашағының үміткерлері бізбіз. Сондықтан бұл жағдай бізге де тікелей байланысты. Барлық ережені сақтасақ, бұл індеттен тезірек арыламыз, және баяғыша мәз-мейрам жаймашуақты күндермен, алтын ұя мектебімізбен және сүйікті ұстаздарымызбен қайта қауышатын боламыз!


Назерке Сабирова,
Түркістан қаласы Абай атындағы №31 жалпы орта мектептің 11 сынып оқушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *