Қазақ тарихының куәгері «ТАЙҚАЗАН»

Қазақ тарихының куәгері «ТАЙҚАЗАН»

3 просмотров

Қазақ тарихының куәгері «ТАЙҚАЗАН»

Түркістандағы киелі жәдігер тайқазанның құйылғанына 620 жыл болды. Аталмыш, қазан атағы жер жарған, әйгілі Әмір Темірдің арнайы тапсырмасымен жасалған. Тайқазанның құйылуымен 1399 жылы 25-маусымда Түркістанның батысында, 27 шақырым жердегі ескі Қарнақ елді мекеніндегі ирандық шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризи айналысқан. Яссауи бабамызға арнап тұрғызылған кесенені де Әмір Темір қолбасшы жасатқан, ал ішіне қойылуға құйылған алып тайқазанның сыртына араптың сульс және куфи қолтаңбаларымен арнайы Қожа Ахмет Яссауи кесені үшін деп таңба қойылған.

Тайқазан Түркістандағы талай тарихи оқиғалардың ортасында болған. Қазақ хандығының орталығы болған киелі шаһардағы барлық тарихи шешімдерге көне тайқазан куә. 1935 жылы аталған қазанды Санкт-Петербургтегі әйгілі Эрмитаж музейіне алып кетіп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы заңды орнына жеткізілмейді. Тек 1989 жылы ғана киелі кесенеге, қарт қалаға қайта әкелінген.

Бүгінде «Тайқазан» киелі қалаға келушілердің ең сүйікті жәдігерлерінің біріне айналып отыр. Түркістанға келген кез-келген қонақтың архивінде тайқазан алдында түскен суреті сақталады. 620 жыл бойы өзінің бастапқы қалпын жоғалтпаған қарт қазанның жаңарған Түркістан тарихына көрермен де, қатысушы да болары сөзсіз. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *