Қиын сәтте ел болып билікті, билік халықты қолдауы керек

Қиын сәтте ел болып билікті, билік халықты қолдауы керек

4 просмотров

Қиын сәтте ел болып билікті, билік халықты қолдауы керек

Сөзден құдіретті нәрсенің жоқ екені ақиқат. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» дейтін халық даналығы сөз құдіретін тіпті де айқындай түскендей. Бүгінде әлем елдерін, соның ішінде елімізді алаңдатып отырған індет туралы айтпасақ та белгілі. Осы бір жаман ауру жұрт көңіліне күдік ұялатып, болашағын алаңдатып отырған тұста Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Үкімет отырысында айтқан пікірлері көңілге демеу болып отыр.
Мемлекеттің басты ұстанымы ретінде халықтың ертеңі, олардың азаматтық құқығы сақталатындығы туралы да сөз болды. Елімізде өзекті және маңызды саналған барша істердің заңдық талаптар аясында шешімін тауып, халық сұранысы үшін нақты жұмыстар жүретіні белгілі. Бұл жерде басты назарға алынатын лепірген құр сөзден гөрі, шынайы атқарылған істердің болуы. Біз саралап отырған сұхбатта осының барлығы жеке-жеке айтылып, бір ой жиегінде сараланды.
Шындығында Мемлекеттің орнықты, тұрақтылығы жолында атқарылатын әрбір ісі өте жауапкершілікті қажет етеді. Өйткені оның артында қаншама халық тұрғанын бәрімізге белгілі жай. Әлем саясатына ілесуде, әлем экономикасынан мықтап орын алуда білікті мамандар және кемеңгер басшылық құрамы керек екені тағы бар. Осы тұрғыда ел болып билікті, билік халықты қолдап отыруы тиіс. Осындай болғанда еліміздің көсегесі көгеріп, дамыған үстіне дами беретіні өтірік емес.

Жарқынбек Құлбайымбетов,
Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *