Қос Тауыс құсы қарт қалаға көрік бермек

Қос Тауыс құсы қарт қалаға көрік бермек

137 просмотров

Қос Тауыс құсы қарт қалаға көрік бермек

Киелі шаһардағы соңғы 2 жылда жасалған жұмыстар таң қаларлық. Қалада 1 ай болмасаңыз өзіңіз жүрген көшелерді танымай қалуыңыз ғажап емес. Себебі, күн санап ашылып жатқан жаңа нысандар қаламызды өзгеше кейіпке енгізіп барады. Шетелдіктердің ғана емес, ел ішінде саяхаттап жүрген азаматтарымыздың өзі қарт Түркістанға бірінші рет келмесе де, алғаш қадам басқандай күй кешіп, жаңадан ашылған демалыс осырдары мен ғимараттарынан көздері жаңылғанын жасырар емес. Сондай қала көркін ашар кезекті керемет нысан халықты қуанышқа бөледі. Ол шаһардағы ең негізгі даңғылдардың бірі Бекзат Саттархановтағы айналма жол үстіне түскен әсем Тауыс құсының алып бейнесі. Бүгінгі таңда құрылысы жүріп жатқан «Керуен Сарай» кешенінің жанынан бой көтерген бұл нысан көптің көңілінен шығып, жоғарыда аталған кешенге керемет сән берері сөзсіз.

Тауыс құсы (павлин) – жер бетіндегі ең әдемі құстардың тізімінде. Оның бейнесімен салынған айналма жолдың диаметрі 60 метр, ал құстың биіктігі 7,5 метрді құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *